№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » АРЫҚТАУ ҮШІН ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

АРЫҚТАУ ҮШІН ПАЙДАЛЫ КЕҢЕСТЕР

Алдымен, алдыңызға мақсат қоя біліңіз! 

1 ай ішінде арықтау қолыңыздан келетініне сеніңіз, 

бұл күш-жігер мен рухани мықтылықты қажет етеді. 

Арықтау барысында зиянды әдеттерге шектеу қою қажет. Күнделікті әдеттеріміз тек арықтауға ғана кесірін тигізбейді, сондай-ақ денсаулығымызды жайлап құрта бастайды. 

Егер сіз өз денсаулығыңызға зиян келтірмей арықтағыңыз келсе дұрыс тамақтана білгеніңіз дұрыс. Ол сымбатты болмыс ғана беріп қоймайды, денсаулықтың айнымас кепілі екенін естен шығармағайсыз. 

Өзіңізге сенімдісіз бе? Онда бастайық; 
Таза су ішу. Ересек адам күніне 2 литр су ішуді әдетке айналдыруы қажет. Су ішпей, 1 ай ішінде жылдам арықтай аламын деп ойламаңыз, өйткені, дәл осы таза су ағзадағы артық заттарды шығарып тастайды. 

Кешкі ас. Кешкілік асты ертерек ішіп алғаныңыз жөн. Себебі, астың қортылмауының әсерінен асқазанда түрлі аурулар пайда болуы мүмкін. Сонымен қатар, арықтаймын десеңіз, түндегі ішілген тамақ кесірін тигізетіні тағы бар. Егер, қатты қарныңыз ашып бара жатса, көк шай ішіп, жеміс-жидек немесе көкөніс жеңіз. 

Тамақтың дұрыс таңдалуы. Егер, картоп пен шұжық қуырып жеп жүрсеңіз, арықтаймын деп ойламай-ақ қойыңыз. Сондықтан, тамақтың пайдалы болғанын қадағалаңыз. 
Аз-аздан жеп, арасына 2-3 сағат уақыт салыңыз. 

Арықтаймын деушілерге қандай тамақтар жеу керек? 
Жеміс-жидек
Көкөніс
Қайнатылған жұмыртқа
Бұқтырылған ет
Майынан айрылған сүт, ірімшік, сыр, айран;
Жармалар;

Көп қозғалыс пен дене шынықтырудың да өз кезегінде пайдасы бар.

Фитнеске баруға бәрінің жағдайы келе бермейді, сондықтан, көп жаяу жүріп, үнемі қозғалыста болу керек.

Осы жолдан жаңылмай, өзіңізге сенімді болсаңыз, міндетті түрде бір айдың ішінде артық салмақтан арылғаныңыздың куәсі боласыз. 
Іске сәт!!!
30 қазан 2018 ж. 1 623 0