№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тырнақты тістелеу психикалық ауру, әдет емес.

Тырнақты тістелеу психикалық ауру, әдет емес.

Тырнақты, тырнақ етін үнемі тістелей беру, яғни онихофагия – психикалық ауытқу, әдет емес. Сонымен бірге, ғылымда адамның өз терісін зақымдауын дерматилломания деп те атайды. Онихофагия кез келген жастағы адамда болуы мүмкін. Адамдар жүйкесінің жұқаруынан, стресс жағдайынан, өзіне деген сенімсіздік пен ішкі сырын біреуге айта алмауының салдарынан осы ауруға шалдығады.
Адам онихофагиямен бес жасқа дейін ауыратын болса, бұл – қалыпты жағдай. Бес жастан кейін ол – патология. Бес жастан кейін бұл аурудан емделу үшін невропатолог пен психологтың көмегі қажет болады. Әйелдер депрессияға бейім болғандықтан, онихофагия арқылы проблемасын іштей жеңілдетуге тырысады.
Дерматилломания көбіне адам өзіне көңілі толмаған кезде болады. Проблемасын біреуге айта алмаған, үнемі мазасызданып жүретін, агрессиясы бар адамдар тырнағын тістеу арқылы жан рақатын сезеді. Медитация, релаксациямен қатар, йогамен айналысу да емделу кезінде септігін тигізеді.
Мұндай аурумен ауыратын адамның тырнақ астындағы инфекциясы ауыз қуысы, асқазан-ішек жолдары арқылы ағзаға еніп, ол гепатит, стоматит, бауыр мен ішек құрттары сияқты ауруларды жұқтыруы мүмкін. Онихофагия мен дерматилломания кезінде кутикула жойылып, саусақ жанында жаралар пайда болады.
Балалардың бойында бұл аурудың асқынуына ата-ана кінәлі. Егер балаңыздан осындай әрекет байқасаңыз, демек, ол көмекке мұқтаж.
Ауруды асқындырмау үшін мына әдістерді қолданып көріңіз:
Балаға саусақ терісін, тырнақты тістелегеннен ағзаға жұқпалы ауру туғызатын микробтар енетінін түсіндіру керек;
Бала тырнағын тістелей бастағанда оның есімін қатты дауыстап атаңыз. Сонда баланың миына қандай да бір сигнал барып, іс-әрекетінің дұрыс емес екенін біледі;
Балаңыздың саусақ ұшына бұрыш, желкек, қыша немесе жағымсыз дәмі бар крем жағып қойыңыз. Ащы немесе жағымсыз дәмді сезіп, тырнағын тістей алмайды.
10 қараша 2019 ж. 1 109 0