№103 (8814) 31

31 желтоқсан 2024 ж.

№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Әділеттілік – әр азаматтың міндеті

Әділеттілік – әр азаматтың міндеті


Ел дамуына кедергі болатын құбылыстар көп десек, соның ішіндегі ең қатерлілерінің бірі – сыбайлас жемқорлық. Қоғамдық қатынастар дамып, күрделенген сайын жемқорлықта қатар өрбіп, бір саладан оның бой көрсете бастағаны алаңдаушылық туғызып отыр. Оның мемлекеттік саясаттың басым бағытына айналғаны да сондықтан.
Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық қылмыстар және осы тұрғыдағы құқық-бұзушылықтарға бой ұруына әртүрлі себептер болады.
Оған ең алдымен қызметшілердің білім деңгейі, әдептілік ұстанымының төмен болуы әсер етсе керек. Кей мемлекеттік қызметшілердің заңды саққтауға немқұрайлылық танитуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың деңдеуіне түрткі. Мемлекеттік қызмет үшін жыл сайын талаптар күшейтіліп келе жатқаны белгілі.
Мемелекеттіміздің әрбір азаматы ҚР-ның Конституциясын және заң­дарын сақтауға, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құр­мет­теуге міндетті. Ендеше жемқорлықты жоюды мақсат еткен сот жүйесі де заңнамалардың талапқа сай орындалуына мүдделілік танытуды өзіне міндет санайды.
Жалпы, жемқорлықпен, құқық-бұзушылықпен күрес мәселесі тек мемлекеттің ғана емес, әрбір азаматтың міндеті әрі халық алдындағы борышы екенін естен шығармағанымыз жөн.

Эльмира СЕРІКБАЕВА,
аудандық соттың бас маманы,
сот-отырысының хатшысы
04 наурыз 2020 ж. 493 0