№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жемқорлық – қоғам дерті

Жемқорлық – қоғам дерті

Сыбайлас жемқорлық – ХХІ ғасырдағы қоғам дертіне айналғалы қашан. Бұл әлемдік құбылыс Қазақстанды да айналып өте қоймады.
  Сондықтан жең ұшынан жалғасқан сыбайластықтың жолын кесу мақсатында Мемлекет басшысы әрбір Жолдауында мейлінше тегеурінді талап қойды. Дәуір уақытынан туындаған қатерлі кеселден айығудың амал-тәсілдері, әдеп пен тәртіптілікті сақтауды көздейтін қызмет этикасы Кодексінде Заң үстемдігі кеңінен өзгертіліп, енгізілді. Бірақ заңды белшеден басудан тартынбайтын кейбір тұлғалардың саналық тұрғыдан төмендігі ел әлеуетінің өсуіне кедергі келтіруде.
ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы, сыбайлас жемқорлықтан туындайтын қауіп қатерден ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету Заңның негізінде жүзеге асырылады.  Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, жемқорлық зардаптарын жоюда лауазымды тұлғалар жұмыла жұмыс жасауға міндетті.
Сыбайлас жемқорлықтың әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі – азаматтардың арыз-шағымы. Сондықтан мемлекетіміздің әрбір азаматы өз құқығын қорғап, басқа адамдардың құқықтары мен бостандығын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті. Бұл қоғамдық дерттің алдын алудағы алғашқы қадам. Олай болса бүгіннен іске кіріскен абзал. Мұны ел дамуы жолындағы үлкен қадам деп түсінуіміз керек.

Дінмұхамед ЖАПАРОВ,
Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі
КММ-нің заң консультанты
27 қазан 2019 ж. 1 120 0