№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бала бағбандарының бәсекесі

Бала бағбандарының бәсекесі

Балабақшалардағы жас тәрбиешілерді жан-жақты, ізденімпаздыққа баулу мен қызығушылықтарын ояту мақсатында Жаңақорған кенті орталығындағы «Арнайы» балабақшасында «Жалындаған жастар» тақырыбында сайыс ұйымдастырылды. Сегіз қызметкер төрт номинация бойынша қатысып, бақтарын сынады.

Балабақшада 45 қызметкер, оның ішінде 20 педагог жұмыс жасайды. Мамандардың барлығы тәжірибелі, еңбек өтілі жоғары қызметкерлер. Олар балабақшаға келген балаға сауықтыру шараларын жасауға міндетті. Тәулік бойы қызмет көрсететін балабақша қызметкері ұжымның тәртібіне, жұмыстың жауапкершілігіне дағдыланған.
– Сайыстың негізгі мақсаты – мамандарды қызметке бейімдей отырып, кәсіби біліктіліктерін арттыру, шығармашылық қабілетін жетілдіру. Теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, кәсіби шеберлігін арттыру. Ұжымдық қарым-қатынасқа психологиялық бейімдеу, өзара тәжірибе алмасу. Сондықтан бұл сайысты дәстүрге айналдырып, жылда өткізуге тырысамыз, – дейді балабақша меңгерушісінің уақытша міндетін атқарушы Айгүл Ахметова.
Сонымен алты кезеңнен тұратын бала бағбандарының бәсекесі басталды. Таныстыру, сәбилердің ашылмаған қырлары, сұлулық, ситуациялық сұрақ, сөзжұмбақ шешу сынды кезеңдерде өздерін жан жақты көрсете білген тәрбиешілер марапатталды. Айнұр Бердікеева, Гүлдана Әлібекова, Гүлімжан Жорабекова мен Айзада Әкімбаева сынды тәрбиешілер батылдық танытып қатысқаны үшін «Алғыс хатқа» ие болды. Ал «Шығармашыл педагог» жүлдесі тәрбиеші Қаракөз Оразбековаға бұйырса, «Көркем педагог» номинациясы логопед Ұлбосын Жолдасбектің еншісіне бұйырды. Дефектолог Нұргүл Сүлейменова «Өнерпаз педагог», психолог Жансұлу Өксікбаева «Ізденімпаз педагог» жүлдесіне қол жеткізді.
– Әрине бұл байқау тек бақ сынасу ғана емес, өзімізді жан-жақты тұрғыдан дамыту, әріптестер тәжірибесімен бөлісу болатын. Мұндай шығармашыл сайыстар тәрбиешілердің талабын күшейтіп, ізденісін арттырады. Сондықтан мекеме басшылығына және ұйымдастырушылар мен қатысушыларға алғыс айтамыз, – деді жас психолог Жансұлу.
Айта кетейік, тәрбие ұясында 3-5 жас аралығындағы 34 бала «Мейірім», «Жұлдыз», «Үміт» тобында тәрбиеленуде екен. Мүмкіндіктері мен диагнозына орай әр топқа бөлінген. «Мейірім» тобында тіл дамуы кешеуілдеген балалар бірге тәрбиеленуде. Оларға ортақ сабақ кестесі түзілген. «Үміт» тобында көз көруінің нашарлығы және басқа да түрлі себеппен келген балғындарға сауықтыру шаралары жүруде. Ал, «Жұлдыз» тобында тірек-қимылын қалыптастыруға талпынған балалар бар. Олар тәулік бойы балабақшада болып, күнделікті режиммен сабақтарын оқып, сауықтыру шараларына қатысады. Сондай-ақ, балалардың шығармашылығын арттыру мақсатында сурет, би, ән үйірмелері жұмыс жасайды.

Әли ТЕМІРБЕК


29 ақпан 2020 ж. 595 0