№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Бүгін - Халықаралық ана тілі күні

Бүгін - Халықаралық ана тілі күні

Бұл күн 1999 жылғы қарашада ЮНЕСКО-ның Бас Конференциясы 30-сессиясының шешімімен бекітілген және 2000 жылғы 21 ақпаннан бастап тілдік және мәдени әр алуандықты қорғау мақсатында атап өтіледі.
Тіл - тек қатынас құралы ғана емес. Ол мәдениетке, табиғатқа, тарихқа, адам атаулының түп-тамыры мен оның шыққан тегін анықтауға мүмкіндік береді. Барлық тілдерді танып-білу мен құрметтеу бейбітшілік сақтаудың кілті болып табылады. Әрбір тілдің өзіндік ерекшелігі бар. Әр халықтың ерекшелігі мен салт-дәстүрлерін бейнелейтін өзіне ғана тән сөз тіркестері бар. Өз атымызды иеленгеніміз сияқты тілімізді де балалық шақтан өз бойымызға ана сүтімен сіңіреміз. Тіл сана-сезімімізді қалыптастырады, өз бойындағы мәдениетін бізге сіңіреді.
21 ақпан 2020 ж. 1 379 0