» » 26 қаңтар қандай күн?

26 қаңтар қандай күн?

Кеденшілердің халықаралық күні. 1983 жылдан бастап атап өтіледі. Бұл мерекені бүкіл әлемде 800 мың адам тойлайды. 1950 жылғы желтоқсанның 15-інде Кедендік ынтымақтастық кеңесін құру туралы конвенцияның негізінде Бүкіләлемдік кеден ұйымы (WCO) құрылды. Бүгінде ұйымға 162 мемлекет мүше.
Үндістан Республикасының мемлекеттік мейрамы - Республика күні (1950). Үндістан - Оңтүстік Азияда орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Ауғанстан, Қытай, Непал және Бутанмен, шығысында Бангладеш және Бирмамен, батысында Пәкістанмен шектеседі. Астанасы - Нью-Дели. Ақша бірлігі - үнді рупийі. Қазақстан Республикасы мен Үндістан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы ақпанның 23-інде орнатылды.
Австралия күні. Бұл мереке еуропалықтардың Жасыл құрлықты зерттей бастауымен байланысты. 1788 ж. 26 қаңтарда капитан Артур Филипп Сиднейге тоқтап, британдық туды көтеріп, Жаңа Оңтүстік Уэльс колониясын қалады.
Латвия Республикасының халықаралық мойындалған күні. Латвия тәуелсіздігі туралы акт 1918 жылы қарашада жарияланды, ал 1921 жылдың 26 қаңтар күні бұл елдің тәуелсіздігі халықаралық түрде мойындалды. 
Уганда бостандық күні. 1986 жылдың дәл осы күні Тито Окелло режімі құлады.
25 қаңтар 2020 ж. 834 0