» » Бүгін - Бүкіләлемдік киттер мен дельфиндер күні

Бүгін - Бүкіләлемдік киттер мен дельфиндер күні

 19 ақпан күні дүние жүзінде Бүкіләлемдік теңіз мақұлықтарын қорғау күні немесе Киттер күні атап өтіледі.
Өткен ғасырдың ортасында теңіздегі сүтқоректілердің бақылаусыз қырып-жойылуының салдарынан олардың саны күрт азайды. Бұл мәселе экологтар мен зоологтар қатты мазалады. Өйткені осылайша табиғатқа зиян келтірудің кесірінен экологиялық жүйенің бұзылатындығы мәлім. 1982 жылы Халықаралық кит аулау жөніндегі комиссия (IWC) киттерді коммерциялық мақсатпен аулауға мораторий енгізуге дауыс берді. Ол 1986 жылдың 19 ақпанында күшіне енді. Бұл оқиғаға орай Бүкіләлемдік киттер күні мерекесі бекітілді. Мейрамның мақсаты – теңіз бен мұхит мекендеушілерін қорғап, табиғатқа қамқорлықпен қарауға қоғамның назарын аудару.
19 ақпан 2020 ж. 979 0