Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Зейнет ақы қаншаға өседі?

Зейнет ақы қаншаға өседі?


Биылғы жолдауда әсіресе, әлеуметтік төлемдерге басымдық берілген. Зейнетақы, шәкіртақы мен еңбекақыны бірнеше пайызға арттыру үшін бюджеттен 4 триллионнан астам теңге қарастырылыпты.

Елімізде алғаш рет кәмелеттік жасқа толған 1-топтағы жарымжандардың ата-анасына да 28 мың теңге төленеді. Бұл - мүгедек баласын бағамын деп, өмір бойы жұмыс істеуге мүмкіндігі болмағандарға мемлекеттен қаржылай көмек. Ол үшін 3 миллиард теңге бөлінген.
Бұдан бөлек, зейнетақы мен еңбекақы да өседі. Бұл жерде азаматтардың еңбек өтілі есепке алынады. Кім көп жұмыс істесе, сол көп зейнетақы алады.
Мұғалімдердің жалақысы да жайдан жай артпақ емес. Ұстаздар категориясын көтеру үшін халықаралық стандартқа сай тест тапсырады. Әрі ұстаздар үнемі өзін-өзі жетілдіріп, ізденісте болуы тиіс. Және жаңа әдіспен білім беруге көшкен оқытушылардың табысы 30-дан 50 пайызға көбейеді. Ол үшін бюджеттен 67 миллиард теңге қарастырылған.
Ал оқушылардың мойнындағы ауыртпалықты керісінше, азайту қажет деді президент
.
12 қаңтар 2018 ж. 1 271 0