№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ерікті жастар ерледі

Ерікті жастар ерледі


Апта ағымында Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен дәстүрлі Қайырымдылық жасаушылар мен меценаттардың III-өңірлік форумы өтті. Алқалы басқосуда жаңақорғандық жомарт жандардың да мерейі үстем болды. Танымал меценат Әбдіхан Шайыхов облыс әкімінің «Алғыс хатын», ал «Жаңарған Жаңақорған жастары» қоғамдық қоры «Жыл еріктісі» номинациясына ие болды. Бұл жөнінде сәл кейінірек. Әуелі форумға кеңінен тоқталсақ.


Өңірлік форумға аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов, облыстағы қайы­рымдылық жасаушылар мен меце­нат­тар, облыстық Қазақстан халқы ассам­блеясының құрылымдары, этномә­дени бірлестіктің жетекшілері мен белсенділері, жас кәсіпкерлер, басқарма қызметкерлері, қалалық және аудандық кәсіпкерлер және үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысты.
Айта кету керек, қатарынан үшінші жыл ұйымдастырылған форумның басты мақсаты – Сыр өңіріндегі қайырымдылық жасаушы меценаттар мен кәсіпкерлерді қолдау, қайырымдылықтың жағымды бейнесін қалыптастыру арқылы қайырымдылықтың дамуына жаңа екпін беру болып табылады. Оған қоса, қайырымдылықпен айналысатын барлық ұйымдар мен азаматтардың бірлесуіне алтын көпір болу.
Мейірімділіктің дәстүрлі мерекесіне айналған форумның алғы сөзі облыс әкімі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасы Қуанышбек Ысқақовқа берілді.
– «Қазақстан қастерлі Тәуелсіздігінің үшінші мүшелін рухани жаңғырумен бастады, сол арқылы қоғамдық сананы жаңғыртатын ауқымды істерге жол ашылды. «Рухани жаңғырудың» негізінде жүзеге асырылып жатқан маңызды жобалардың бірі – «Туған жер» жобасын ерекше атап өтуге болады.
Бұл бағдарлама турасында Елбасы: «Жүрегі елім деп соққан әр азамат «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосуы керек. Тағылымды туған жерге тағзым етіп түлету – ол біздің перзенттік парызымыз», – деп бизнес, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдерін туған жеріне, өзі өсіп-өнген өлкесіне көмек жасауға және өз ауылдастарын қолдау үшін күш жұмылдыруға шақырған болатын. Елбасының мақаласынан туындайтын міндеттерді іске асыруда өңіріміздің кәсіпкерлері алдыңғы қатардан көрініп, қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Сырдың бойында ұлттық жаңғырудың бастауында тұруға дайын екендіктерін көрсетіп келеді, – деді Қуанышбек Досмайылұлы.
Иә, дана халқымыз қайырымдылық жөнінде «Он адам жүрген жерде із қалады, жүз адам жүрген жер – соқпақ, мың адам жүрген жерде жол қалады» дейді. Облыс әкімінің айтуынша, жыл басынан бері жомарт жандардың қолдауымен 686 қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, нәтижесінде 40 520 мұқтаж жанға 514,7 млн. теңгенің көмегі көрсетілген. Сондай-ақ Қуанышбек Ысқақов қайырымдылыққа үлес қосып жүрген жомарт жандар жайлы «Қайырымдылықтың алтын кітабын» әзірлеу жайлы бастама көтерді.
– Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды волонтерлар жылы деп жариялады. Осыған орай барлық қала және аудан әкімдері, мемлекеттік мекемелер еріктілердің бастамаларын қолдау бойынша жан-жақты көмекті көрсетуі тиіс. Сондай-ақ еріктілерді дайындайтын білім беру орталықтарын ұйымдастыру, қайырымдылық мәдениетін дамытып, мектептерде еріктілер үйірмелерін ашуды қарастыру маңызды. Қайырымдылықты жанына жалау етіп, аймақтың өркендеуіне үлес қосып жүрген азаматтар туралы «Қайырымдылықтың алтын кітабын» әзірлеуіміз қажет. Себебі, өскелең жас ұрпаққа аға буын азаматтардың ел үшін жасаған еңбектерін, толымды жетістіктерін үлгі ету тәрбиелік маңызы зор міндет», – деді.
Мұнан соң қайырым жасауды өзіне мұрат еткен, ұрпаққа үлгі болар ұлтжанды 16 азаматты марапаттау рәсімі болды. Облыстық форумның қорытындысымен «Жыл еріктісі» номинациясы бойынша «Жаңарған Жаңақорған Жастары» еріктілер тобы марапатталды. Еріктілер тобының мүшесі, аудандық мәслихат депутаты Арман Мажитов аймақ басшысының қолынан арнайы Диплом мен статуетка алса, жаңақорғандық меценат, «Мақсат-Ш.А» ЖШС директоры Әбдіхан Шайыхов облыс әкімінің «Алғыс хатына» ие болды.
Соңыра қамқорлық пен ізгілікке негізделген қайырымдылық іс-шаралардың бел ортасында жүрген еріктілер тарапынан «Жаңарған Жаңақорған Жастары» қоғамдық бірлестігінің мүшесі, жас кәсіпкер Арман Мажитов көп алдында сөз сөйледі.
– Біз халқымыздың қайырымдылық дәстүрін жандандыратын, жалғас­тыратын ұрпақпыз. Жалпы, жақсылық жасау қоғамның бірлігі үшін аса маңызды деп ойлаймын. Биыл наурыз айында «Жаңарған Жаңақорған Жастары» еріктілер тобы құрылды. Бүгінде құрамында 100-ге жуық жастар, аға буын өкілдері, кәсіпкерлер мен сан салалы маман иелері бар.
Ерікті жастардың негізгі мақсаты – ауданның өсіп-өркендеуіне үлес қосу. «Мемлекет маған не береді?» деген масылдық психологиядан арылып, «Мен елім үшін не жасай аламын?» деген ұранды өмірлік ұстаным ету. Бүгінгі таңда 5 бағыт бойынша қарқынды жұмыс атқарудамыз. Ырысы мен берекесі мол Жаңақорған ауданында қиналғанда қол ұшын созатын, сүрінгенде қолтығынан демейтін жомарт жүректі адамдар аз емес, – деді Арман Мажитов.
Осылайша, қайырымдылық жасаушылар мен меценаттардың III-өңірлік форумы өз мәресіне жетті. Түйіндей айтқанда, еріктілік қызмет – өз еркіңмен баратын жүректің жұмысы. Ал жүректің жұмысы жанданса, қоғам өркениетке қадам басады.

Әбдісамат ӘБДІШ
30 қараша 2019 ж. 955 0