№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ерікті жастар ел арасында

Ерікті жастар ел арасында

Жаңақорған жастар ресурстық орталығы мен денсаулық сақтау саласының жастары Еріктілер жылында игі шараларды жүзеге асыра бастады. Орталықтағы «Нұр» базарында Абайдың 175 жылдығы аясында ақын есімін, шығармашылығын ұлықтау мақсатында тұрғындар арасында сауалнама жүргізілді.
Әрі тұрғындар денсаулығына байланысты акция ұйымдастырды. Сондай-ақ, төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт болған жағдайға байланысты да сала мамандары түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Алдымен Наурызбай Орынбасаров бастаған жастар жаңақорғандықтар арасында Абайдың шығармашылығына байланысты сұрақтар қойып, дұрыс жауабын тапқан немесе өлеңдерін жатқа айтқандарға сыйлықтар үлестірді.
– Біз алғаш рет медицина қызметкерлерімен бірігіп осы шараны қолға алуды жөн көрдік. Халықты рухани кемелдендіру, әрі денсаулығына байланысты сауалдарына жауап беру үшін осындай шараларды жиі өткізетін боламыз. Қазір жұмыстан қолы босамай жүрген тұрғындар көп, әсіресе сауда адамдарының денсаулығына байланысты болады көп көмек жасаймыз. Алғашқы акция барысында дәрігерлер қан қысымы мен қант диабетін өлшейді, – деді жастар жетекшісі.
Онколог дәрігер Аян Мырзаханов пен  арнайы бекітілген лаборант, зертханашы Әйгерім Сәрсенбекова екі сағат ішінде кент тұрғындарына қызмет етті.
– Жалпы бұл бастама біздің тарапымыздан да үлкен қолдауға ие, өйткені бүгінде қан қысымы мен қант диабеті аурулары жиіледі. Ал оны алдын алуда, емханаға келіп, жүйелі тексерілуде тұрғындардың уақыты жоқ екенін білеміз. Сондықтан келесіде ерлер кабинеті мен психологтар да акцияға қатысады, – деді онколог дәрігер.
Айта кетейік, акция аясында биыл медицина саласына енгізілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жайлы да түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тұрғындар сауалдарына толық жауап іздеді.
Жасұлан Сейдеметов
16 ақпан 2020 ж. 564 0