Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » БАЛАҢЫЗ ДҰРЫС ТАМАҚТАНЫП ЖҮР МЕ?

БАЛАҢЫЗ ДҰРЫС ТАМАҚТАНЫП ЖҮР МЕ?

Балаларға дәрумендер және оның адам денсаулығына тигізетін пайдасы жайында түсінік беру, жемістер мен көкөністердің пайдасын білу, табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылған "Дәрумендер біздің досымыз" атты шара "Асылзатдарын" балабақшасында ұйымдастырылды. Бүгінгі қоғамның басты тақырыбына айналған балалар тағамына қатысты шараны балабақша меңгерушісі ашып берді.
– Тамақтан ауру табу қазіргі кезде өскелең ұрпақтың басты мәселесіне айналғаны белгілі. Әсіресе, соңғы уақытта жасөспірімдер арасында семіздік, ас қорыту жүйесінің аурулары, қант диабеті, қан аздық секілді сырқат түрлерінің кең етек алуы өршіп тұр. Осына алдын алу балабақша үшін өте маңызды процес. Сондықтан, мұндай шараларды жиі ұйымдастыруға тиіспіз, – деді Марина Сейтжанова.
Одан әрі, балалар дәрумендердің түр-түріне бөлініп, өздерінің қызмет­терін айтып мақтана бастады. Яғни, әр дәруменнің адам ағзасына тигізер пайдасын айтуды жөн санады. Мәселен, "А" дәруменін жиі қолданған адамдардың көздерінің көруі жақ­сарып, бойына күш-қуат сыйлайды. Ал, "В" дәрумені ішкі құрылыс, жүйке жолдары мен қан айналымдарын жақсартады.
Міне, балабақша құр ән айтып, би билете беруден гөрі осындай пайдалы шараларды ұйымдастырып тұруды мақсат тұттық. Ең басты байлық – бала денсаулығы.

Мейірбан БАШАРОВА.
26 ақпан 2019 ж. 1 457 0