№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қате қадам қайталанбауы тиіс

Қате қадам қайталанбауы тиіс

2020 жылдан бастап қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысты заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.  Осы заң жүйесіндегі өзгерістерді пробациялық бақылауда жүрген азаматтар арасында түсіндіру, олардың одан әрі аяғын шалыс басып келеңсіздікке ұшырамауын қадағалау жұмыстарын қолға алу мақсатында «Ордакент» үйінде осы аталған топтың арнайы басын қосып, құқықтық – кеңестік
жиын өтті.
 Ауданда алғаш рет өткен бұл жиынға облыс прокурорының орынбасары Дамир Катаев, ауданның бас прокуроры Дарын Әбіш, аудан әкімінің орынбасары Ғалымжан Сопбеков және пробациялық бақылау қызметінің жауапты мамандары қатысты.
 Жаңақорған ауданы бойынша аса ауыр емес құқық бұзушылыққа  қатысы бар,  шартты жазасын өтеген пробациялық бақылауда 103 азамат тіркеуде. Оларға  құқық қорғау қызметкерлері тарапынан бағыт-бағдар қажет. Осы орайда сөз бастаған облыс прокурорының орынбасары Дамир Меделбайұлы:
– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз мәлімдемесінде еліміздегі заң жүйесінің кейбір актілерін қатаңдатуға айрықша мән берді. Адам өмірі мен бостандығын қорғау, қылмысты тізгіндеуге тірек ретінде 2019 жылдың 27 желтоқсанында заң жүйесіне толықтырулар мен өзгерістер енгізілді. Оның ішінде жас балаларға қатысты зорлық-зомбылық жағдайында жаза күшейтіліп, адам саудасы, есірткі пайдалану бойынша баптар қатаңдатылды. Бұрын мал ұрлығына байланысты екі жақ ымыраласу арқылы жазадан жалтарса, енді оның жолы кесілді. Мал ұрлығы орын алған жағдайда 5 жылға, қайталанса 10 жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе айыру, заңсыз аңшылық 6-10 жылға дейін, қорғауға алынған аңдарды аулағанда 3-7 жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе айыру жазасына кесілетінін, сондай-ақ масаң күйде көлік құралдарын басқарып апат орын алған жағдайда бас бостандығынан айыру жазасы қолға алынғанын жеткізді.
Бұдан әрі сөз алған  аудан прокуроры Дарын Елтайұлы бүгінде тіркеу­де тұрған азаматтарды жұмыспен қамту, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға мемлекеттік жәрдемді тең құқықтық негізде алуына жағдай жасалғаны. Сондай-ақ олардың арасында салауатты өмір салтын ұстану, яғни бос уақытын тиімді пайдалануға арналған түрлі спорттық шаралар өткізіліп тұратынын баяндады. Аудан прокурорының айтуынша бұл жұмыстар жүйеленіп, әсіресе жұмыспен қамтылу жайына аса назар аударылуда.
Тәртіп бұзушылықтың көбі жұмыссыздық пен бос уақытты тиімді пайдалана білмеуден туындайтынын ескерсек, мұндай бастамалардың қатаң тәртіптегі жандардың қолайына жаққаны анық. Аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы Жаңабек Тұрлыбековтың 19 ақпанда өтетін «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесінде 100-ге жуық бос жұмыс орындарына қабылдау болатынын баяндауы да екі қолға бір күрек таппай дағдарып жүрген жандарға үміт отын жаққандай болды.
Жиын соңында пробациялық бақылаудағы еңбекке қабілетті азаматтардың жеке басына қатысты сауалдарына сала мамандары тарапынан тұшымды жауаптар берді.
ТҮЙІН. Байқағанымыз, аталымды бақылауда жүрген жандардың басым бөлігі жастар екен. Қай кезде жазадан гөрі жақсылықтың жолы ұзын. Жаза басқан жандарды қоғамнан шеттетпей, керісінше оларды жарқын болашаққа жетелеуді бірлесіп атқарсақ ұтарымыз анық.
Майра ҒАНИЕВА
16 ақпан 2020 ж. 774 0