Соңғы жаңалықтар

№92 (8906) 2

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (8905) 29

29 қараша 2025 ж.

№90 (8904) 25

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Жаңақорғанға жаңа прокурор тағайындалды

Жаңақорғанға жаңа прокурор тағайындалды


Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2019 жылғы 31 қазандағы бұйрығымен Әбіш Дарын Елтайұлы Жаңақорған ауданының прокуроры болып тағайындалды.

Д.Әбіш 1978 жылы 10 ақпанда Қызылорда облысы, Шиелі ауданында туған. 1998 жылы Түркістан қаласы Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-дың заңгер мамандығы бойынша білім алған.
1998-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында болып, еңбек жолын 2000 жылы Жаңақорған ауданы прокурорының көмекшісі қызметінен бастаған. Одан әрі Сырдария ауданы прокурорының көмекшісі, Қызылорда қаласы прокурорының аға көмекшісі, облыс прокуратурасының бөлім прокуроры, 2005-2010 жылдары Жаңақорған ауданы прокурорының орынбасары қызметін атқарған.
2010-2019 жылдары облыс прокуратурасында түрлі салаларда үздіксіз қызмет етіп, облыс прокурорының көмекшісі, аға көмекшісі, 2019 жылдың мамыр айынан осы күнге дейін облыс прокуратурасының Үкімдердің орындалуын қадағалау басқармасының бастығы қызметтерін атқарып келген.
Қызметтегі жетістіктері үшін Бас прокуратураның және облыс прокурорының бұйрықтарымен бірнеше мәрте марапатталған.
Отбасылы, 4 бала тәрбиелеп отыр.
02 қараша 2019 ж. 2 860 0