№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Əйел орамал тақпаса – арын ұмытады.

Əйел орамал тақпаса – арын ұмытады.

Күйеуінің барын ұмытады! Шашы – тамаққа түседі, өзіне келген қонақтың назары түседі.

– Сəлем салмаса – өзін сыйлайтын қайын ата, қайын ағадан айырылады, тегін батадан қайырылады!
– Қыз қалыптан əйел болуға көндіретін ол – сəлемі, жат жұрттың алдындағы əдебі! Қыз күнін қиып, қыдыруын тиған – қатын болады!
Қатын болған адам – қазанға, отқа жақын болады. Құрсағын кеңітіп, бала тапқан – кең болады!
Алпыс екі тамырын иіткен ана болады!
Басқа салғаннан ой түйіп, тағдырына бас игенге құдай өзі пана болады!
Үлкеннен көргенін бойына сіңіріп, өзі де сол əулетке сіңген келін – дана болады! -Ой, қазір жастарды емес үлкендерді тəрбиелеу керек сияқты ғой!
– Бүркіт көзіне көрінгенді алмайды, көңілдегісін алады. Ақылды атаның баласы ерегіспей, тектілігіне салады. Көргеніңе көз жұм да,көңілдегіңді істе!

Жақсы келін ата-енесін бағады.
Ата-анасы ұнатқанды – отағасы жылатпайды! Кемінде алты бала тапқанның не айтса да сөзінің құнары болады, қамықса – қарайтын “шырағы” болады.
Аз бала тапқанның тыпыршып айтар “ұраны”болады.
Көп баласы бардың – шөлдетпейтін бұлағы болады.
Əйел – келін болмаса, керім болмайды.
Ана болмаса, ене болмайды. Ене бола алмаса – əдепті келіні жəне болмайды! ☝
-Бəрі əйелге байланысты емес қой.
Ер азамат та жəрдем беруі қажет! –
Дұрыс!
Азамат таппаса – ақшада береке болмайды!
Дүние тапқанмен, баққаны көше болса – екі дүниеде сорлайды!
Еркегі үйіне қонбайтын үйдің – қызы етегін жаппайды, еркіндік сақтайды.
Қылық сақтап, қымсынбайды.
Айналасын жинайын деп ұмсынбайды!
Ұлы – ұсақтау, бəдік болады, қатындардың тірлігіне қанық болады!
Əйелі ашынып жүреді, бір ысып, бір суып, басылып жүреді.
Көршімен əңгімешіл боп, үйі бықсып, шашылып жүреді. Ондай əйелден – əдеп сақтар жар, салиқалы ана шықпайды.

Еркекті ерітетін де – əйел, жерітетін де – əйел!
Беделін биік қып, абыройын кемітетін де – əйел!
Əйел жұмсақ болмаса – ер далаға қашады.
Далада жүріп көп былыққа араласады.
Араласқан соң – тапа тал түсте сөз таппай сасады, əрнəрсені сылтау ғып, өтірік ғайбат шашады.
Əйелі жақсының ағайыны айналасында жүреді.
Ұрпағы ізетті болады.
02 ақпан 2020 ж. 1 095 0