ӘЙЕЛ ЕЛДІҢ АНАСЫ


1.Әйелді табағынан байқа,баланы талабынан байқа. 

2.Шешесін ұқпайтын, әкеден ықпайтын ұл болмайды. 
шешеге тартпайтын ,әкеге жүк артпайтын қыз болмайды. 
3.Қыз бақыты – қырық құрақ. 
4.Қой баққанға ат таңдатпа,тіс қаққанға қыз таңдатпа. 
5 .Әйелге ана,балаға дана деп қара. 
6.Қыз баланың қымбаты мен қимасы ұяты мен ибасы. 
7.Қызда қылық жоқ деме,момында былық жоқ деме. 
8.Әр әйелде болады мың сан қылық,қылықтың ең жаманы жасандылық. 
9.Кербез қыз қартайғанын сезбейді. 
10.Жақсы әйелдің баласы да күтулі,жұмысы да бітулі. 
11.Әйелін сыйлаған,үйін сыйлаған,елін де сыйлай біледі. 
12.Шешек атпай тұрғанда,гүл сұлуы білінбес. 
Сырын ашпай тұрғанда,қыз сұлуы білінбес. 
13.Аналар туып жатқанмен, даналар күнде келмейді. 
14.Жақсы болса алғаның үйіңнен,кісі кетпейді, 
Жаман болса алғаның шын досың да шеттейді. 
15.Қатын көп болса,шөмішті ит жалайды. 
16.Ердің жақсысы елімен ойласады,әйелдің жақсысы ерімен ойласады. 
17.Жалғыз қаздың үні шықпас,жалғыз қыздың мұңы шықпас 
18.Тауықты тойындыра алмайсың,қызды киіндіре алмайсың. 
19.Жақсы келін құрдасыңдай болар,жақсы ұлың сырласыңдай болар. 
20. Суды құм бөгейді,дауды қыз бөгейді. 
21.Ердің асылы күшінен білінеді,әйелдің асылы ісінен білінеді. 
22.Жақсы қатын жүн қарыз алады,жаман қатын су қарыз алады. 
23.Білімді әйел басыңа қарайды,білімсіз әйел жасыңа қарайды. 
24.Жаман қатын байына,жалғыз атын сойғызар, 
Жақсы қатын жолдасын,жоқтан құрап тойғызар. 
25.Екі қатын алғанның,құлағы тынбас. 
Есекке мінгеннің,аяғы тынбас. 
26.Ай мінбей атыңды мақтама,жыл тұрмай қатыныңды мақтама. 
27.Атың жебір болса,Құдайдың бергені. 
Қатының жебір болса,Құдайдың ұрғаны. 
28.Әйел жерден шыққан жоқ,О да еркектің баласы. 
Ерлер көктен түскен жоқ,Әйел оның анасы. 
29.Ауылдасың жақсы болса,ағайының не керек. 
Алғаның жақсы болса,айтың, тойың не керек. 
30.Салақ қатынның үйінен,сабақты ине табылмас. 
31.Жақсы әйел теңі жоқ жолдас,түбі жоқ сырлас. 
32.Асығу- баланың ісі,Аттандыру-ананың ісі. 
33.Атадан ұл қалса,өзі қалғаны 
Қыз қалса ,ізі қалғаны. 
34.Алты ұл туған ананы,ханым десе болады. 
Кезек сыйласқан ағайынды,жаным десе болады. 
35..Бақ қонатын адамның: ұлы епті,қызы көрікті. 
36.Қыз баланың тілегі-тәңірден,қызыл дәннің барар жері-диірмен. 
37.Ақылды туған қыз бала,батыр туған ұлмен тең. 
38.Әйелі жақсы жігіттің жағасы ағарар. 
Әйелі жаман жігіттің шашы ағарар 
39. Қонағын сыйламаған үйін сыпырады, я, болмаса баласын ұрады. 
40. Ана сүті бойды өсіреді,Ана тілі ойды өсіреді. 
41.Әдепті келін ауылдың көркі. 
42.Әйелді теппе аяқпен-сағы сынар,баланы ұрма таяқпен – бағы сынар. 
43.Әйелдің даусы қатты шыққан үйдің босағасынан жақсылық күтпе. 
44. Үйдің ұлығы –ер, ұйытқысы-әйел. 
45.Өз жарыңды жаттай күт, жат көрсін де түңілсін 
Бір-біріңді қадір тұт, жұрт үлгі алсын үңілсін. 
46.Әйеліңмен дос бол-үйіңе береке кіреді,білімдімен дос бол-сасқанда ақыл береді. 
47.Ер бала ата-анаға таяу,қыз бала үйге жаққан бояу..

ДЕРЕККӨЗ: vk.com әлеуметтік желісінен.
26 шілде 2019 ж. 1 320 0