№28 (8942) 18

18 сәуір 2026 ж.

№27 (8941) 14

14 сәуір 2026 ж.

№26 (8940) 11

11 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » » АТАДАН ҚАЛҒАН АСЫЛ СӨЗ

АТАДАН ҚАЛҒАН АСЫЛ СӨЗ


Үш жұрт

Үш жұрт - жігіттің үш жұрты: өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты. Халық арасында мұны: өз жұртың - күншіл, қайын жұртың - міншіл, нағашы жұртың - сыншыл деп те мәтелдейді. Яғни, ағайын бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң бөліп бере алмайды, жақсы болсаң күндейді, жаман болсаң жүндейді. Қайын жұртың - қолыңның ұзындығына қарайды, жағаңның қызылдығына қарайды, берсең жағасың, бермесең бітпес дауға қаласың. Нағашы жұртың жақсылығыңа сүйсінеді, жаманшылығыңа күйінеді, әрқашан тілеуіңді тілейді, тілеуқор да жанашыр жұртың сол болады. 

Үш қуат - ақыл қуат, жүрек қуат, тіл қуат

Үш ғайып - ажал ғайып, қонақ ғайып, несібе ғайып

Үш арсыз - ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз 

Үш даусыз - мінез, кәрілік, ажал

Үш кәдесіз - жігіттік, денсаулық, жақсы жар (әйел)

Үш жамандық - Нақақ қан төгу. Кісі малын нақақ алу. Ата-бабадан қалған ескі жұртты бұзу

Үш жақын - Жан тәтті . Мал тәтті. Жар тәтті

Үш көз - Су анасы - бұлақ. Жол анасы - тұяқ . Сөз анасы - құлақ

Үш тоқтам - ақыл - арқан , ой - өріс, адам - қазық

Дереккөз vk.com әлеуметтік желісінен.
26 тамыз 2019 ж. 2 190 0