№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » АРЫСТАНННЫҢ АЖАЛЫ ШИБӨРІДЕН

АРЫСТАНННЫҢ АЖАЛЫ ШИБӨРІДЕН

Бір күні үйдегі көкжәшіктен жан-жануарлардың тіршілігін көрсететін арнадан аң патшасы арыстанды ұзақ жылдар бойы таспаға түсіріп, зерттеген ғалымдардың деректі фильмін көзім шалып қалды. Содан, біраз уақыт қарап отырып, қызыға түстім.
Әлгі алдына келгенді алып ұратын жыртқыштың айналасында тек шибөрілер ғана жүреді екен. Неліктен дейсің ғой енді? Сөйтсе олар өзі ірі, етті аңды тобырымен жабылып жүріп әрең жығатын көрінеді. Ал арыстан ше ақсиған тістерімен буйволдың желкесінен бір тістеп, өткір тырнағымен ыршып алса болды, қарны тоқ. Аң патшасынан қалғанын күтіп тұратын шибөрілер ана жерде қырықпышақ болып таласа-тармаса, сүйек-саяғын түгін қалдырмай жеп алады ғой. Содан оңай олжаға құныққан шибөрі арыстаннан айрылсын ба? Әлгінің аңға шыққанын күтіп, айналасында улап-шулап жүреді де қояды. Осылай жылдар өтеді қаһарлы арыстан қартайып, бойынан қуат кеткенде аң аулауға да шамасы келмей қалады екен байғұстың. Ары қарайғы тағдыры тіптен аянышты. Қанша уақыт маңдай тер еңбегімен тапқан олжасын айналасында жүрген шибөрілермен бөліскен кәрі арыстан ақыр соңында сол "шакалдарға" таланып, ажал құшады. Содан кейін дым болмағандай басқа бір күш-жігері мол келесі бір жас арыстанның айналасына барып топтасады. Соңына дейін көріп отырып арыстанның ғұмыры қолында билігі бар адамның өміріне ұқсас екен ғой дедім іштей. Ойлап қарасаң, расымен, қазіргі қоғамда басшының айналасында достығын білдіріп, құрмет көрсетіп жүрген шибөрі тектес адамдар көп. Бірақ, әлгі лауазымды тұлғаның қолынан сәл билік тайса, жанынан әлгілердің біреуін де таппай қалады. Өйткені, олар оны оңай ұмытып олжасы мол жаңа басшының айналасында жүреді...
30 қаңтар 2020 ж. 1 017 0