№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Таңғы ас ішпейтіндерге қандай қауіп төніп тұр - ғалымдар ескерту жасады

Таңғы ас ішпейтіндерге қандай қауіп төніп тұр - ғалымдар ескерту жасады

Ғалымдардың айтуынша, ұзақ уақыт бойы таңғы ас ішпеу семіздікке шалдықтыруы мүмкін
Таңғы ас ішпеу жүрек-қантамыр дерті мен инсультке әкеп соғуы мүмкін. Ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижесі Journal of the American College of Cardiology ғылыми журналында жарияланған.
Мамандар 1988-1994 жылдары 40 және 75 жас аралығындағы 6550 адамның денсаулығын зерттеген. Олар анықтағандай, адамдар ұзақ уақыт таңғы асын әдейі ішпей жүрсе, семіздікке, холестерин деңгейі ұлғаюына, қан қысымының артуына, диабеттің екінші типіне және метаболизм синдромына жиі шалдығады екен.

Таңғы ас ішпеудің қаупі
Таңғы ас ішпейтіндер арасында жүрек-қантамыр дертінен қайтыс болу қаупі таңертең тойып тамақтанатындарға қарағанда 87% жоғары болып шықты.
Ғалымдар атап өткендей, таңғы астан бас тарту міндетті түрде осы дерттерді қоздырмайды. Бұған көз жеткізу үшін қосымша зерттеулер жүргізіліп жатыр.
Мамандар таңертең нақты қандай ас жеу керектігін ескерген жоқ, адамның таңғы ас ішкенін ғана есепке алды.

ДЕРЕККӨЗ: sputniknews.kz




24 сәуір 2019 ж. 967 0