Ақуыз бен амин қышқылдарының пайдасы
Адам ағзасындағы көптеген пайдалы элементтер ақуызы мол тағамдардан келеді. Ал ағзадағы ең маңызды нәрсе ақуыз екені айтпаса да түсінікті. Ақуыз бұл - амин қышқылдарының негізгі көзі. Амин қышқылдарымен ішкі органдар, сүйек және бұлшық еттердің қоректенетін ескерсек, ақуыздардың біздің ағамыздағы рөлі зор екенін байқаймыз.
Тағамда ең маңызды үш элемент бар: ақуыз, май және көмірсулар. Әрқайсысында калорияның көптеген мөлшері бар. Ақуызда 1 грамға 4,1 ккал, көмірсуларда да осындай көлемде. Ал майда 1 грамға шаққанда 9,2 ккал калория бар.
Майлы тағамның ерекшелігі
Май - артық энергияны сақтаушы. Ол ағзаның барлық бөлігіне таралып, ағзаны толық әрі тығыз етіп тұрады (сыртынан да, ішінен де. Егер май мөлшерден артық болса, ішкі органдарға тұрақтайды). Мұның бәрі зат алмасуды қиындатып, адам ағзасының жақсы жұмыс істеуіне кедергі келтіреді.
Денсаулықты қалай сақтау қажет?
Макроэлменеттердің тепе-теңдігін сақтау үшін ақуыздың бір күндік мөлшері тағамда 3,0 пайыздан аспауы керек. Ақуыз май сияқты емес, жиналмайды және денеден тез шығып кетеді. Ал май артық қорға қалып қояды да, салмақтың артуына, көптеген сырқаттардың пайда болуына әкеледі.
Ақуыз қандай тағамда бар?
Дұрыс тамақтану үшін өсімдікпен қатар, жанауар ақуызын да пайдаланған жөн. Өсімдік ақуыздары күріш, асбұршақ, ірі бұршақ және бұршақ қабығы сояларында болады. Ал жануар ақуызының негізгі көзі - тауық, күркетауық, сиыр еті, балық.
Ағзада ақуыз аз болса ше?
Ақуызды аз мөлшерде пайдалану ішкі органдар қызметінің бұзылуына әкеледі. Ал бұл жасушалардың ақуыз бен кейбір амин қышқылдарын ішкі органдардан алуынан кейін пайда болады. Әсіресе, ең басты бұлшық ет - жүрек бұлшық етінен алу денсаулыққа үлкен қауіп төндіреді.
Ақуыздық тағамдардан қандай амин қышқылын алуға болады?
Валин
Бұл өте маңызды, зат алмасу мен бұлшық ет ұлпаларына аса қажетті қышқыл. Бұлшық етті қатайтып, олардың сергектігін арттырады. Валин сүт, ет және өзге де сүт өнімдерінде, сондай-ақ, жаңғақ пен саңырауқұлақта бар.
Изолейцин
Бұл амин қышқылы гемоглобинді синтездеуге қатысады. Сонымен қатар, қанттың мөлшерін реттеп, қалыпқа келтіреді. Ағза күйзелуінің алдын алады. Изолейцин негізінен тауық еті, бауыр, балық, жұмыртқа, соя, миндаль, кешью және чечевицада кездеседі.
Триптофан
Бұл қышқыл ұйықысыздыққа ұшырап, күйзеліске түскен кезде пайдалы. Жүрек ауруларының алдын алуға, салмақты реттеуге көмектеседі. Тәбетті төмендетеді, бойдағы гормондардың өңделуіне әсер етеді, никотиннің әсерін төмендетеді. Триптофан ет, балық, тауық, жұмыртқа, күрке тауықө, сүт өнімдері, қара шоколад, самырсын аңғағы, қара өрік, қызанақ, күнжіт, банан, соя және құрманың құрамында бар.
Аргинин
Бұл қышқыл иммундық жүйенің жұмысын реттеп, бауырдан уытты заттардың шығуына әсер етеді. Салмақты түсіріп, обыр ауруларының алдын алады. Аргининді сиыр еті, швейцарлық ірімшік, күнжіт, асқабақ дәнегі, йогурт және жаңғақтан таба аласыз.
Гистидин
Бұл аминқышқылы ағзаға күйзеліс кезінде, жұқпалы ауру және өзге де сырқаттардан соң өте қажет. Аллергияның алдын алып, минералдарды сіңіруге көмектеседі. Анемия мен асқазан жарасын емдеуге өте пайдалы. Гистидин балық (тунец), ірімшік пен дақылда, тауық, чечевица, соя және сиыр етінде бар.
Лейцин
Бұлшық ет, сүйек және тері қабығын регенерациялауға көмектеседі. Қандағы қант мөлшерін төмендетіп, бойдың өсу гормонын өңдеп шығарады. Лейцин балық, күріш, ет, чечевица, сүт, сүт өнімдері, дақыл және жаңғақта кездеседі.
Лизин
Бұл амин қышқылы балалардың бойы өсіруге, сүйектерін қатайтуға өте қажет. Коллагеннің пайда болуына, гормондардың синтезделуіне керек. Лизинді балық, ет, сүт тағамдары, жаңғақ және дақылдардан алуға болады.
Треонин
Бұл амин қышқылы коллагенді синтездеу кезінде аса қажет. Май алмасуға қатысып, иммунитетті күшейтеді. Треонин сүтте, йогуртта, жаңғақ пен жұмыртқада және ірі бұршақта кездеседі.
Метионин
Бауырға май жиналуының алдын алады. Тамырда қанның ұюына жол бермей, тамақ қорытылуын жақсартады. Жүктілік кезінде токсикоз бен артритке пайдалы. Метионин сүт, йогурт, сарымсақ, ет, қарақұмық, фасоль, ірі бұршақ, чечевица және жұмыртқа мен балықта бар.
Фенилаланин
Ауырудың алдын алып, есте сақтау қабілетін жақсартады. Тәбетті төмендетіп, күйзеліспен жақсы күреседі. Семіздіктің алдын алады, Бұл амин қышқылы көңіл-күйді жақсартады коллаген мен эндрофинді шығаруға көмектеседі, етеккір кезінде ауыруды азайтады. Фаниалаланинді тауық етінде, сиыр етінде, сүт тағамдары мен жұмыртқада кездестіресіз.