№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Байкенжедегі мәселе

Байкенжедегі мәселе

Байкенже ауылдық округінде жалпы халық саны-1459 болса, оның ішінде осы ауылдық округке қарасты Билібай елді мекенінде 316 тұрғын. Ауылдық округ аумағында КазАтомПромға қарасты «Байкен-U» және «Қызылқұм»  ЖШС уран өндіру зауыты орналасқан, 150 адам осы зауытта жұмыс жасайды.
2019 жыл Байкенжеде атқарылған жұмыстар жайлы ауыл әкімі Нұрғали Оспанов есеп берді. Өткен жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Билібай ауылында жаңа медициналық пункт пайдалануға берілді. Аудан басшысының қолдауымен 20 балаға арналған жекеменшік балабақша іске қосылды. Ауылдағы бірнеше көше бөліктеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Жолтаев және Оспанов көшесінің электр бағаналары ішінара ауыстырылып, электр желілері жаңартылған екен.
Байкенжеліктердің негізгі мәселесі  №193 мектепке 300 орындық жаңа мектеп ғимараты салынса және ауыз су мәселесі шешілсе, орталық көшелерді асфальттап жөндеу жұмыстарын жүргізіп берсе деген тілектері бар екенін жеткізді.   
Білім бағдары бойынша облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова мәлімдеме жасады.
Аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлының қолдауымен жүзеге асқалы отырған жұмыстың бірі Билібай ауылындағы №255 мектептің жанынан спорт зал мен асхана салу үшін жобалау-сметалық құжаттама жасатуға қаржы бөлінді, алдағы уақытта «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша құрылыс жұмысы жүргізілетін болады.
Сондай ақ, ұзақ жылдан бері шешімі табылмай келе жатқан мәселенің бірі – таза ауыз су мәселесі. «Талап-Сырдария» су торабы арқылы ауылға жүргізілген су құбырының жұмысы аяқталған соң іске қосылғалы тұр.
Алайда 300 орындық мектеп жайы биыл шешілмейтін сыңайлы.
26 қаңтар 2020 ж. 848 0