№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Облыстың озық дәстүрі ауылдарға серпін сыйлайды

Облыстың озық дәстүрі ауылдарға серпін сыйлайды

Озық отыздыққа қадам басқан қазақ елі үлкен бастамаларға бет бұрды. Әсіресе әлеуметтік салаға аса мән берген Сыр өңірінің басқа аймақтардан ерекшелігі көп. Соның бірі – «Үлгілі ауыл» байқауы. Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың тікелей бастамасымен өткен байқауда былтыр үздіктерді саралады. Республика бойынша тек Сыр өңірінде ғана өтетін дәстүрлі байқаудың дәреметі мол. Елді мекеннің көгалдандыру, абаттандыру һәм санитарлық тазалық жайы сарапқа салынады.
Оған қоса орнықты даму динамикасы да есепке алынады. Осындай басымдықтарды ескере отырып, әуелі ауданнан іріктеліп, соңыра облыстық аламан бәйгеге Қожакент ауылы жолдама алды. Өңірлік байқауда 8 елді мекен бағын сынады. Оның ішінде 7-уі тіректі елді мекен. Бірінші кезекте, үлгілі үздік тіректі елді мекендер анықталды. Одан кейін үлгілі елді мекендердің ерек істері сарапқа салынды. Нәтижесінде 1 орынға – Таң ауылы (Жалағаш ауданының, 2 орынға – Гигант ауылы (Шиелі ауданы), 3 орынға Жаңақоранның Қожакент ауылы лайықты деп танылды.
Үлгілі ауылдарды марапаттау рә­сімінде аймақ басшысы Қуанышбек Досмайылұлы Елбасының тікелей бас­тамасымен қолға алынған «Ауыл – Ел бесігі» жобасы жайлы айтып өтті.
– Бүгінде өңірде ауылдардың жағ­дайын жақсартып, ауыл халқының тұрмысын көтеру үшін «Ауыл – Ел бесігі» жобасы қарқынды жұмыс істеуде. Елбасының тікелей бастамасымен қолға алынған жоба шеңберінде елді мекендерді дамытуға бағытталған ауқым­ды істер жүргізілуде. «Ауыл - Ел бесігі» арнайы жобасын жүзеге асыруға 2019 жылы аймақта 1,9 млрд теңге, оның ішінде республикалық бюджеттен 1,7 млрд теңге қаралды. 2020 жылға «Ауыл - Ел бесігі» арнайы жобасын іске асыруға 1,6 млрд теңгеге 4 елді мекен бойынша 31 жоба іріктелді. Сонымен қатар бүгін жеңімпаз болып танылған ауылдық округтерге берілген қаржылай сыйақының 80 пайызы сол ауылдың көркейіп-көгалдануына, абаттануына, санитарлық тазалығына жұмсалуы тиіс, – дей келе, үздік шық­қан ауыл әкімдеріне «Диплом» мен қомақты қаржылай сыйақы табыстады. Қожакенттің қазынасына 5 миллион теңге бұйырды.
Хош. Сыр өңірінде үздік үлгілі елді мекеннің үштігіне енген Қожакент ауылы жайлы не білеміз? Құтты мекенде көгалдандыру, абаттандыру және кәсіпкерлік саласындағы әлеуеті қандай? Біз мұны ауылдық округ әкімі Әсілбек Айтжановтан білдік. Әкімнің айтуынша, елді мекенді көгалдандыру, абаттандыру жұмысына ауыл тұр­ғындарын белсенді тартуда екен. Бас көшенің бойынан Еңбек ардагері, Соғыс ардагерлерінің ұрпақтары шағын саябақтар ашып, ауылдың жасыл желекке айналуына үлес қосуда.
«Елу жылда ел жаңа» демекші, 2017 жылы ауылдың 50 жылдық мерейтойына жеке кәсіпкер «Биг-Бен» сағатын орнатып берген. Енді мына қызықты қараңыз. Білесіздер Биг-Бен – Лондондағы Вестминстер сарайындағы алты қоңыраудың ең үлкені. Сағат мұнарасы Ұлыбританияның әйгілі символы болып саналады. Айтайын дегеніміз, 2017 жылы «Биг-Бен» сағатын қайта жөндеуден өткізу үшін 2021 жылға дейін тоқтатылды. Ал дәл сол жылы құтты мекеннің қақ ортасынан танымал сағаттың көшірмесі іске қосылды. Жалпы 2017 жыл қожакенттіктер үшін табысты жыл болды. Жыл қорытындысымен ауданда ауылшаруашылығы саласын дамытуда жоғары көрсеткішке қол жеткізгені үшін «Үздік ауылдық округ» номинациясына лайықты деп табылды. Ауыл әкімі Әсілбек Айтжановтың сөзінше, келер жылы елді мекеннен «Анаға тағзым» монументі бой көтереді. Бұл да болса, ақжаулықты аналарға деген құрмет.
Тағы бір айта кетерлігі, облыстық байқау шартына сәйкес елді мекеннің орнықты даму динамикасы да есепке алынған болатын. Әсіресе кәсіпкерлік саласының көкжиегін кеңейтуге қатысты Қожакентте тындырымды іс бар...

15 қаңтар 2020 ж. 528 0