» » Психологиялық тест: Кесені қалай ұстайсыз?

Психологиялық тест: Кесені қалай ұстайсыз?

Психологиялық тест. Кесені қалай ұстауыңыз мінезіңізден хабар береді.
1: сенімді
Сіз – тәуелсіз адамсыз. «Бәрін өзім істеймін» деп үйренгенсіз. Өзіңізге ғана сенесіз. Өз мақсаттарыңызға жету үшін бас көтермей еңбек етуге даярсыз. Жақындарыңыз үшін бәріне қол жеткізуге тырысасыз. Олардың сізге тек шындықты айтып, адал болғанын талап етесіз. Кез келген ақиқат, пікір мен сынға дайынсыз.
2 : тартымды, энергиясы мол
Сіз ашық жүзді, көңілді адамсыз. Әлеммен «гармония» орнатуға тырысасыз. Аяқ астынан шешім қабылдауға бейімсіз. Өмірге ғашықсыз. Адамдарды таңғалдырып жүресіз. Көптеген нәрсеге қызыға қарайсыз.
3: бақытты, сабырлы
Сіз сезімтал адамсыз. Өзгелерді түсінуге тырысасыз. Әр адамның өз тағдыры бар екеніне сенесіз. Кез келген адам қателіктер жасайтынын түсінесіз. Адамдарды, өмірде болатын жайттарды сабырмен қабылдайсыз. Көп уайымдамайсыз.
4: мейірімді, сезімтал
Адамдармен тез тіл табыса аласыз. Айналаңызда дос, жолдастарыңыз көп. Оларға көмектесіп, жақсы дос болуға тырысасыз. Сіздің аураңыз ашық әрі жылы. Адамдар жаныңызда өзін қауіпсіз сезінеді. Сізге сенеді. Ерекше болуға тырысасыз. Махаббатқа құштар жансыз. 

07 қаңтар 2020 ж. 5 847 0