№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕСТ: МІНЕЗІҢДІ БІЛГІҢ КЕЛЕДІ МЕ?

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕСТ: МІНЕЗІҢДІ БІЛГІҢ КЕЛЕДІ МЕ?

Көз – жанымыздың айнасы. Көзге байланысты психологтар ерекше тест түрін ойлап тапты. Суреттегі 9 көзге қарап, ұзақ ойланбай, біреуін таңдаңыз. Ойланып, таңдаудың қажеті жоқ. Қайсысы сізге көбірек ұнады, соны таңдауыңыз керек.


1. Егер сіз 1-көзді таңдасаңыз, демек басты қасиетіңіздің бірі – көңілділік. Сіз әрбір жаңа танысқа қуанатын адамсыз. Кез келген адамға жүрегіңіздің есігін ашып, жайдары қарсы алуға дайынсыз. Салдарында талай рет қателесіп, қапаланасыз.  Өзгелерге қорқышыңыз бен сенімсіздігіңізді білдіртпейсіз. Өз проблемаларыңызды өзіңіз шеше алатыныңызға сенімдісіз. Сонымен қатар басқаларға да қол ұшын беруге дайын тұрасыз. 2. Сіздің басты қасиетіңіз – адалдық. Өзгелерге жақсы әсер қалдыру үшін барыңызды салуға дайынсыз. Бәрін дұрыс жасауға тырысасыз. Адамның іс-әрекетіне қарап, оған баға беруге болады деп санайсыз. Күйзеліске түскенде не көңіл-күйіңіз төмен болғанда ешкімге тіл қатпауга тырысасыз. Әлем сіздің қынжылған, ашулы не мазасыз күйіңізді көрмеуі керек деп есептейсіз. Өзіңізді өзгелерге арнау үшін өмір сүресіз. 3. Егер 3-ті таңдасаңыз, дәл қазір өзіңізді бақытсыз сезінуіңіз мүмкін. Өткеннің естелігі қазіргі күнге әсер етеді. Өмірді қатігез деп санайсыз. Өзіңізге жайлы орын іздеумен келесіз. Беймаза ойларыңызды ешкімге айтпауды жөн көресіз. Өйткені ақырында бәрі өз орнына келетініне сенімдісіз. Бұл өткінші, ауыр кезең екенін жақсы түсінесіз. 4. Сіз – нағыз философсыз. Сіз әлемдегі барлық нәрсенің «түпкі себебін» табуға әуес адамның бірісіз. Басқа ешкімнің мазасын алмайтын сұрақтар жайлы ойланып, әлемнің «құрылымын» түсінуге ұмтыласыз. Бір уақытта бірнеше нәрсе туралы тереңінен ойланып, жауабын табуға тырысасыз. Жауабы табылған сұрақты қойып, жаңа жұмбақты шешуге кірісесіз. Әлем сіз үшін — үлкен жұмбақ. Оның шешімін тауып, не істейтініңізді білмесеңіз де, іздеуді тоқтатпайсыз. 5. 5-көз – ақылға сыймайтын жұмбақ жан. Сіз әлі күнге дейін өмірдегі өз орныңыз бен кім екеніңізді таппадыңыз. Дегенмен, тырысуды тоқтатпайсыз. Көңіл-күйіңіз сағат сайын ауысып тұрады. Өзіңіз жайлы әңгімелегенді ұнатпайсыз. Көп сөйлегенді жақсы көрмейсіз. Бірақ біреудің әңгімесін тыңдағанды қызық көресіз.
10 қазан 2018 ж. 3 302 0