№33 (8744) 27

27 сәуір 2024 ж.

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жаңақорған аудандық сотында пресс-тур өтті

Жаңақорған аудандық сотында пресс-тур өтті



Жаңақорған аудандық сотында сот жүйесіндегі ақпараттық сервистерді және электронды технологиялармен таныстыру мақсатында пресс-тур өткізілді.
Іс-шараға аудандық соттың кеңсе меңгерушісі мен кеңсе қызметкерлері, кенттегі №163 орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары және БАҚ өкілі қатысты.
Аталған шараның негізгі мақсаты-«Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен гүлденуінің негізі» атты Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының сот жүйесіне қатысты бөлігінде көрсетілген ақпарттық-түсіндіру жұмыстарын орындауға арналған.
Шара барысында аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Б.Налибаева қатысушыларға мемлекеттік бажды төлеу, талап арызды тіркеу, сот қызметкелерінің ұялы телефон арқылы смс-хабарлама жіберуі, гибридтік электронды пошта, ШПИ, сервис арқылы жіберілген смс-хабарламар туралы да және ақпараттық технологиялардың сот жүйесіндегі соңғы мүмкіндіктері, оның ішінде «Сот-кабинеті» сервисі арқылы талап арызды, өтініш беру, хатты жолдау, сот істерін қарау кестесі, сот істерімен танысу бөлімдері туралы, сот жүйесін жаңғырту аясында тараптарға смартфонға жүктелген «TrueConf» қосымшасы көмегімен қашықтан сот отырысына келмей-ақ, бейнебайланыс арқылы қатысуға мүмкіндік беретін «SMART сот пилоттық жобасын жақсы нәтижелі жұмыс істеп тұрғанын атап өтті.
Шара соңында  қатысушылар  өз ойларымен бөлісіп, сұрақтарына сот мамандарынан жауап алып, сот жүйесіне енгізілген ақпараттық сервистерді және электронды технологиялармен танысуға, көруге, ақпарат алуға мүмкіндік  берген аудандық сот ұжымына өз ризашылықтарын білдіріп, осы тектес шараларды жиі өткізу туралы ұсыныс білдірді. 

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
10 желтоқсан 2019 ж. 848 0