№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қазақстанда несиелер тағы да кешіреледі

Қазақстанда несиелер тағы да кешіреледі

Елімізде 57 мыңға жуық азаматтың несиесін жабуға мемлекет көмектесуі мүмкін. Бұл мақсатқа, ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, 9,4 млрд теңге сұралып отыр.
«Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 5 санаттағы әлеуметтік осал топқа несие жеңілдігі жасалды. Бұл бірреттік акция. Дегенмен, науқан ресми нормативтік-құқықтық құжаттар тұрғысында 5 қыркүйек аяқталғанымен, көптеген азаматтар бізге хабарласуда. Сондықтан (құжат) қабылдауды әлі аяқтаған жоқпыз», — деді Үкіметтегі баспасөз мәслихатында министр. 
Бұл тұста туысқандық қатынастарды айғақтайтын құжаттардың болмауы кедергі келтірген. Осылайша екі ай бойы жұмыс жүріп, 1 қарашаға дейін қосымша несие жеңілігіне иек арта алатын 57 мың адамның мән-жайы анықталған. Егер құжат мәселесі толық шешімін тапса, жылдың соңына дейін тиісті тізім аясында несиесі мемлекет тарапынан өтеліп берілмек.
Бұған дейін жазғанымыздай, Министр айтқан 5 санатқа есейіп кетпеген 4 баласы бар көпбалалы отбасылар, асыраушысынан айрылу жағдайына байланысты төлем алатын отбасылар, 18 жастан асқан, бала жасынан мүгедектер бар отбасылар, атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алатындар және жетім балалар, ата-анасынан кәмелеттік жасқа дейін айырылған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар енді.
29 қараша 2019 ж. 4 959 0