№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Вице-министр кейбір көпбалалы отбасылардың неге тізімге енбей қалғанын түсіндірді

Вице-министр кейбір көпбалалы отбасылардың неге тізімге енбей қалғанын түсіндірді


- Бұл науқанды аяқтау мерзімі нақты белгіленбеген. Егер жылдың аяғына дейін осы бес санаттың біріне енетінін растайтын құжаттарды ұсынса, сәйкесінше ол адам бұл тізімге енгізіледі - вице-министр.

Халықтың бес санаты бойынша кепілсіз несие алғандардың қарызын шегеру немесе жою акциясының аяқталу мерзімі белгіленбеген. Сондықтан, егер адам өзінің осы санатқа жататын растайтын құжаттарды ұсынса, әлі де кеш емес. Жыл соңына дейін бұл тізімді жаңартуға мүмкіндік бар, егер тізімге енсе, онда мемлекет ол адамның қарызын шегеру үшін 300 мың теңгеге дейін әлі ақша бөледі.
Бұл туралы ҚР Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жакупова айтты, деп хабарлайды
Zakon.kz.

- Бұл науқанды аяқтау мерзімі нақты белгіленбеген. Егер жылдың аяғына дейін осы бес санаттың біріне енетінін растайтын құжаттарды ұсынса, сәйкесінше ол адам бұл тізімге енгізіледі. Бірақ, әрине, жылдам қимылдағаны өзіне жақсы, - деді ол.
Сонымен қатар, ол Президенттің жарлығы бойынша бұл жеңілдікке табысына қарамастан осы бес санатқа енетін ҚР-дың барлық азаматы ие екенін баса атап өтті. Мысалы, Сіз көп балалы ана болсаңыз әрі кепілсіз несиеңіз болса, онда мемлекет сізге 300 мың теңгеге дейін бір реттік көмек ақша бөледі. Ал бұл көмек ақшаны керек етпейтіндер табылып жатса, онда ақшаны кері бюджетке қайтаруға болады.
- Бұл ақшаны ерікті түрде кері қайтаруға болады. Әрине, ол бюджетке қайтарылады және басқа мақсаттарға жұмсалады. Немесе ол адам өзі қажет етпеген ақшаны шынымен де мұқтаж адамдарға бере алады, - деді ол.
Адамдар өзінің бұл тізімде бар-жоқтығын ХҚКО-дан және egov.kz-тан біле алады. Егер сіз өзіңізді ол тізімнен таба алмасаңыз, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне немесе ХҚКО-ға хабарласыңыз. Егер сізге несиенің жабылғаны туралы SMS-хабарлама келіп түссе және қай несиеңіздің жабылғанын және оның неге мұндай сомадағысы төленгенін білгіңіз келсе, онда мұны банк бөлімшесіне хабарласу арқылы біле аласыз. Мұндай өтініштерді қабылдау мерзімі шектеусіз екені халық назарына тағы бір мәрте ұсынылды.
Kaspi Bank мәліметтері бойынша, "Егер сізде 300 мың теңгеге кепілсіз несие тіркелсе, ал оның 100 мыңын осыған дейін сіз төлеген болсаңыз, онда қалған ақшаны Kaspi Gold карточкаңызға аударады. Егер сізде Kaspi Gold картасы болмаса, онда ол артылған ақшаны Kaspi банктің кез-келген филиалынан ала аласыз".
Светлана Жакупова 2019 жылдың 1 шілдесінен кейін өз атына несие тіркеткендер, бұл жеңілдікке іліне алмайтынына да баса назар аудартты.
- Кейбір көпбалалы аналар келіп, несиесі неге шегерілмегенін айтып, шағымдануда. Сөйтсе олардың біразы несиені 1 шілдеден кейін тіркеткені анықталып жатыр. Ондайда оларға бұл жеңілдік бұйырмайды. Екіншіден, несие сомасы 3 миллион теңгеден аспауы шарт. Сонымен қатар, коллекторлық компанияларға өтіп кеткен несиелер де есептен шығарылмайды, - дейді ол.
ҚР Ұлттық банк басқармасы төрағасының орынбасары Олег Смоляковтың айтуынша, банктер коллекторлық компаниялармен екі жағдайда жұмыс істейді. Біріншісі - несие банк балансынан жойылмайды, коллекторлар банк атынан несие алушымен қарым-қатынасқа түседі. Мұндай несиелер банктердің балансында сақталады және сәйкесінше олар бұл акцияға іліне алады. Ал егер несие коллекторлық компанияға сатылған болса, онда ол банктер мен шағын несиелік ұйымдар балансынан алынады.
10 қыркүйек 2019 ж. 2 762 1

Адвокат в Костанае от 12 қаңтар 2020 04:19
Отличные новости сограждане.
Если возникнут вопросы юридического характера или потребуется защита в суде, смело обращайтесь ко мне https://advokatqostanay.kz
Проконсультирую бесплатно! Уголовный адвокат костанай!