№36 (8747) 7

07 мамыр 2024 ж.

№35 (8746) 4

04 мамыр 2024 ж.

№34 (8745) 30

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Шебер педагог деген кім?

Шебер педагог деген кім?


Гүлнар Әлібекова жақында “Шебер педагог” мәртебесіне сынақтан өткен екен. Байқаудың барлық талаптары бойынша көрсеткіштері жоғары бағасын алыпты. Әсіресе ол өзінің бүгінгі шәкірттері – Еркежан және Жасминадан көп үміт күтетінін жасырмайды.
Ал мектеп бітіріп кеткен түлектері қатарында Индира Тұрсынбаева “Еуразия” каналында тележүргізуші, Искакова Айғаным кезінде Абайдың 400 өлеңін жатқа айтып, жеңімпаз атанған, ҚазГУ-дің 3 курс студенті Тілеубек Аружан, тағы бір түлегі Нәлібаева Дана, тағы басқа сандаған шәкірттері ерекше қабілеттерімен ұстаз жүрегін күні бүгінге дейін жылытып тұрады.
Ләззат Нәлібаева басқаратын №3 мектеп-интернаты бүгінде аудандағы таңдаулы, алдыңғы қатарлы білім ошағы. Олай болатын себебі, бұл оқу ошағында бастауын Әбіласан Әшірбековтен алып, Арасат Фейзулдаев, Зинабдин Шермұхамедов сынды ұстаздардың ұстазы жалғаған сабақтастықтың тіні үзілмеген. Міне, осы ретте Гүлнар Әлібекова сынды өз ісіне шын берілген адал жандардың орны өз алдына бір төбе.
21 қараша 2019 ж. 1 422 0