» » «Тазалық – иманнан»

«Тазалық – иманнан»

– Тазалық мәселесі ең алдымен санаға байланысты дедік қой. Бұл ретте насихат жұмыстарына көп көңіл бөлінуі керек. Өзім ел арасында жиі болатындықтан халыққа санитарлық-ағарту тақырыбында да түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келемін. Ұстаз ретінде мектепте педұжыммен жиында, сыныпта оқушылар алдында табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқорлық тақырыбында арнайы әңгіме өткізіп, көптің пікірімен бөлісіп отырамын.

Өзім депутат болып сайланған округ жағдайынан сөз қозғасам, Саяжай мөлтек ауданы аумағында 12 көше бар екен. Соның ішінде өзім көріп, байқап жүрген көше комитеті төрағаларынан жалғыз-ақ белсенді өкіліміз бар. Қалған көшелерде көше комитеті төрағалары жоқ есебі. Көше деген де бір ортақ отбасы сынды болуы керек. Шариғатта да «Алдымен көршіңнен сұраласың» дегендей, олардың бір-бірімен терең қатысып, хал-жағдайын біліп отыруы маңызды. Осы реттен келгенде қоқыс төгуге келген көршісін суретке түсіріп, заң орнына, тағы басқа орындарға тапсыру қазақы менталитетімізге жат болуы да мүмкін. Бірақ мұндай жағдайда ескерту жасап, бауырлық базына білдіру де кісіге аз салмақ емес. Сондықтан кемшілікке көз жұма қарамай, көптің мүддесіне салдыр-салақ көзқарастан бір-бірімізді сақтандырып отыру айып емес деп ойлаймын.
«Тазалық – иманнан» деген бар, оны бұлжытпай сақтау арқылы өз ар-абыройымызды да қорғап, соңымыздан ерген жас желкенге де соны аманат ете алсақ қандай жарасымды. Мен замандастарымды осындай ортақ істе жауапты болуға шақырамын.

Серік Абдуллаев,
аудандық мәслихат депутаты.
17 қараша 2019 ж. 735 0