Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұлт перзенті немесе елге шарапаты мол ер

Ұлт перзенті немесе елге шарапаты мол ер

Өр Алтайда туып өсіп, Қытайдың қысымын бұзып жарып ел басқарған Қалибек Хакімнің баласы Хасан Оралтайдың ғұмыры қазақ тарихының бір паршасы ретінде халықтың жадында қалды.
Темір құрсаулы КСРО заманында қазақтың өткен хандар тарихын айта алатын, Алаштың арыстарын жоқтай алатын, қазақ ұлтын әлемге танытып, тәуелсіз өз ойын еркін жеткізе алатын қолында механизмі бар жалғыз қазақ-ол, АҚШ-тың «Азаттық» радиосмының қазақ бөлімінің 1967-1995 жылдары аралығында қызметкері, әрі директоры болған Хасан Оралтай болатын. Ол «Елім айлап» қазақ үшін басын бәйгеге тікті, елдің тәуелсіздігін армандады.


Мұстафа Шоқайдың ізбасары есебінде, КСРО-ның №1 жауы болып та аталды. 1990 жылы КСРО территориясына 164 кісілік делегациямен тұңғыш келгенінде Өзбекстанда Самарқан қонақ үйінде үш әріп Хасекеңнің паспортын алып, қайтарып бермей қойды. Ұшақтан бір өзін алып қалмақшы болып әуре-сарсаңға салып жанталасты. Бірақ алып қала алмады, өйткені ол әлемдік үлкен радиостанцияда лауазымды қызметте еді. Сонымен, Түрік ұшағына паспортсыз отырып Самарқаннан Ыстамбұлға ұшып кетті.
Қазақстан тәуелсіздік ала салысымен Хасекең елге жиі келіп тұрды. Рымғали Нұрғали, Қабдеш Жұмаділов, Мәмбет Қойгелді, Мекемтас Мырзахмет сияқты ғалым, жазушылар еліміздің келешегі туралы сұхбаттасатын достары еді. Сол жылдары «Азаттық» радиосына екі жүздей Қазақстан азаматтарының сұхбатын бергізді. Жаңадан құрылып жатқан саяси партия мен қозғалыстардың да басшылары ол кісіге келіп, елдегі қиыншылықтар туралы өз пікірлерін білдіріп жататын. Сонда Хасекең айтатын: «Сендер мойымаңдар, бұл қиындық өтеді, ең бастысы, алған тәуелсіздікті қолдане шығармау. Ал, енді қызаналарың ол-шекараларың, тіл мен діндерің. Сендердің ең үлкен бақыттарың-саясат пен экономиканы алып шығатын Президенттеріңнің барлығы. Біз, шетелдік саясаткерлердің президенттер туралы пікірлерін саралап отырамыз, сонда Нұрсұлтан Назарбаевты тәжірибелі, энергиясы мол, келешектің президенті деп бағалап отыр. Сендер сәл шыдаңдар, тыныш өткен әрбір күн елдің пайдасына. Әлі-ақ көресіңдер елді тығырықтан алып шығатын сұңғыла басшы осы Президентерің»,-дейтін.
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы елдегі БАҚ жұмған аузын аша алмайтын кезде, Хасекең «Азаттық» радиосы арқылы бүкіл әлемді шулатты, АҚШ-тың конгресінде мәселені қаратты, ақырында 1987 жылы Мәскеудегі Орталық комитет «Қазақ жастары бұзақы, макүнем» деген Пленум шешімін қайтарып алуға мәжбүр болды. Сондай ақ, Мұхтар Шахановқа 4 том материал беріп қаруландырып, съезде Желтоқсан туралы мәселені көтеріп сөйлеуіне ықпал етті. Ол шындықты Мұхтар ағамыз 1992 жылы 1-ші Дүниежүзі Қазақтарының құрылтайы конференциясында ерекше атап өтті.
Тоқсаныншы жылдары елде қаржы тапшылығы кезінде, өзі қаржыландырып Саясат Бейісбай, Батырхан Дәрімбет, Смағұл Елубай сияқты оншақты жігітті тәрбиелеп, біразын шетелге апарып тәжірибе жинатып, жол көрсетіп жетілдіріп, іс жүзінде халықаралық деңгейдегі алғашқы ұлттық журналистиканың негізін қалады. 2006 жылы Қазақ энциклопедиясының редакторы, академик Рымғали Нұрғалидің кепілдігімен Астанадағы Республикалық ұлттық мұрағатқа 450 том деректі тарихи материалдар тапсырды. Қазір оны ғалымдар ғылыми айналымға түсіруде.
1994 жылы көктемде Хасекең өз қаржысымен бізді Түркияға шақырды екі ай оқуға, «Түркі дүниесін зерттеу» қорының орталығына тіл үйренуге. Түркиямен кеңірек таныстық. Тілді біршама үйренген соң, «Құран курстары» орталықтарына алып барды, аралатып көрсетіп, олардың басшыларымен таныстыр, Али Ак деген өзімен қатар досы, профессор, Түркия парламентінің депутаты болған исламның Ханафи мәзһабының үлкен ғалымы екен. Стамбұлдағы Зәйтүн бұрны ауданындағы «Тас жами» мешітінің имамы, қырық жылдан астам сол ауданның қазақтары Мүфті Әби деп атап кеткен Мұстафа атты үлкен ислам ғалымымен таныстырды. Ол кісі уақытында Хасекеңнің әкесі Қалибекпен дос болған, Мауереннахр жолын ұстанатын үлкен молда кісі екен. Сондай-ақ Хасан Арықан деген Имам Ағзам мәзһабының білгірі, факих, Түркиядағы ғалым-мүршидтен көп жыл дәріс алған Асауи жолын таратушы ғалым екен.
Соңғы жарты ғасырда осы кісілердің құрған және әлемнің сексеннен астам елдеріне тараған Ханафи мектебі болып есептелетін Құран курстарымен таныстырды. Әрине, Қазақстаннан барған екі кісі – бірі мен болсам, екіншісі – докторлық диссертациясын ізденіп барған, қазір Шымкенттегі Ішкі істер министрлігі мектебінің бастығы, полковник Бекайдар мырза еді. Ол отыз жаста, мен де қырықтан енді асқан кезім. Екеуміз де Стамбұлдағы және Текірдағ өңіріндегі көптеген Құран курстарды аралап, тыныс-тіршілігімен таныстық. Олардың тазалығы мен тәртібіне, әдептілігіне, мектеп білімі мен діни білімді сабақтастырып тәрбие алып жатқанын көріп қайран қалдық. Екеуміз сол кезде армандағандай болдық, шіркін, өз елімізде де осындай діни сауат ашу курстарының бір-екеуін ашсақ қой деп. Бұл тілегімізді Хасекең қабыл алып, сол жылы қазақтың жиырмадан астам жастарын Түркияға апарып, Ханафи мәэһабына сай Ясауи жолын ұстанатын Құран курстарында оқытып, Қазақстанда зайырлы білім мен діни білімді үйлестіріп тәрбие беретін діни сауат ашу курстарын ашуға елімізде елуден астам діни сауат ашу курстары тұрақты жұмыс істеп, жастарымыздың діни санасын көтеруге өз үлестерін қосып жатыр.
Мұстафа Шоқайдың ізбасары атанған Хасан Оралтайға Қазақ елі де өзінің құрметін, сый-сияпатын аямады. Хасекең 1995 жылы Алаш сыйлығының иегері атанды, сол жылы Түркістанда Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің «Құрметті профессоры» атағы берілді, 2008 жылы Қазақстан Журналистер академиясының «Алтын Самұрық» сыйлығының иегері атанды. Сондай-ақ, Хасекеңнің көзі тірісінде-ақ екі облыстан көше аттары берілді, бірнеше ауданның құрметті азаматы берілді. Хасекеңе халықтың ықыласы ерекше болатын. Ол кісі елімізге келген сайын көп достары үшін мейрам болатын.
Бүгінгі таңда діни сауатты отандық жас ұстаздарымыз жетілді. Олардың ішінде Жаңақорған ауданы Манап ауылынан Шохан, Түгіскеннен Расул, Ақжолдан Бағдат, Кейден ауылынан Әбіш, Қожакенттен Нұржан сияқты жеті-сегіз жігіт әр облыста Құран курстарының директорлары болса, Бақтыбек Қостанай облысының бас имамы және жиырмадан астам жерлестеріміз Құран курстарда ұстаздық қызметте.
1995 жылы ақпан айында Хасекең Жаңақорғанға келіп, аудан әкімінің орынбасары Шермағамбетов Зинабдин ағамыз екеуі мектептерді аралап, сұхбаттар өткізіп, Кейден ауылынан қаржы бөліп, салынуына мұрындық болды. Міне, Хасекеңнің еліміздің қалыптасуы кезінде ұлтымыздың рухани дамуына, жастардың діни білім алуына жағдай жасауын рухани салаға риясыз салған инвестиция деуге болады.
 
 Аманкелді ЕСЕЙ,
республикалық қайырымдылық мекеме
директорлары төрағасы.
18 қазан 2019 ж. 480 0