Алып комбайн айдайтын Айдос
Қазіргі жастар жалқау. Еңбектен қашады деген пікір бар. Бірақ мұндай пікір Айдос Пазылбековке қатысы жоқ.
«Агросервис-Жаңақорған» ЖШС ком¬байншы Айдос жастайынан еңбекпен шыңдалып, «Еңбегіне қарай өнбегі» қағи¬дасын ұстанады. Содан болар бірнеше рет әкімнің «Алғыс хатымен» марапатталады.
– Әкем мен ес білгелі совхоздың тракторын айдады. Бала кезімнен техникаға әуес болып өстім. Сондықтан комбайнның тізгінін ұстау маған қиындық тудырған жоқ. №213 мектептің 9 сыныбын бітіріп Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінде автомеханик мамандығы бойынша білім алдым. Жұмыстың қызған шағында, күріш алқабында таңды атыратын сәттер де болады, – дейді еңбекқор азамат.
Трактор, комбайн секілді техникаларды меңгеру екінің бірінің қолынан келе бермейді. Айдос ауылшаруашылығы өндірісін дамыту бағытында өз үлесін қосып жүр. Ол шаруашылық жұмысының қыр-сырын шебер меңгерген білікті маман. Еңбексүйгіш азаматтың әрбір күні егін даласымен тығыз байланысты.
Адал еңбек, маңдай терінің жемісіп көріп жүрген комбайншы бүгінгі кей жастарға үлгі болары анық.