Жаңақорған аудандық сотымен 2018 жылдың қорытындысымен баспасөз конференциясы өткізілді
Жаңақорған аудандық сотында Бақ өкілінің қатысуымен 2018 жылдың қорытындысы бойынша баспасөз конференция өткізді.
Баспасөз конференциясына аудандық сот төраға міндетін атқарушы Ә.Б.Түбекбаева, кеңсе меңгеруші Б.Нәлібаева мен кеңсе қызметкерлері және өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісі Б.Үсейнова қатысты.
Шара барысында сот төраға міндетін атқарушы Ә.Б.Түбекбаева 2018жылдың 12 айында атқарылған жұмыстар жайлы баяндама жасады.
Баяндамасында Жаңақорған аудандық сотының өндірісіне 2018 жылдың 12 айында барлығы 100 қылмыстық ісі қаралып аяқталғанын, 62 іс бойынша үкім шықанын, 29 қылмыстық өндірістен тоқтатылғанын, осы тоқтатылған қылмыстық істердің 20 медиация заңы қолданылып татуласқандарын, 8 іс прокурорға сотталушыларға іздеу жарияланып, кері қайтарылғанын атап өтті.
Есепті мерзімде 787 азаматтық іс қаралып аяқталғанын, оның ішінде 101 арыз бойынша сот бұйрығы, 562 азаматтық іс бойынша шешім шығарылған, 80 азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған, оның 28-сі медиация тәртібімен тоқтатылғанын, 4 азаматтық іс партисипативтік рәсімі тәртібімен дауды реттеу бойынша аяқталған, 33 азаматтық іс бойынша арыздар қараусыз қалдырылғанын, 237 азаматтық іс бойынша оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен шешім қабылданғанын.
Ал әкімшілік құқық бұзушылық істер жөнінде 2018 жылдың 12 айында барлығы 614 тұлғаға қатысты 614 тұлғаға қатысты қаралғаны, 525 тұлға әкімшілік жазаға тартылғанын, 85 әкімшілік құқық бұзушылық іс қысқартылғанын айтып өтті.
БАҚ құралдарымен тығыз жұмыстар атқарылып, телеарна арқылы 4рет сұхбаттар берілген, 12 рет аудандық сотта «Ашық есік» шарасы өткізіліп,құқықтық ағарту бағытында мемлекеттік мекемелермен 34 рет семинар сабақтары мен дөңгелек столдар өткізілген.
Баспасөз конференциясын қорытындылай келе сот төраға міндетін атқарушы алдағы уақытта да сот төрелігінің сапасын арттыруға, сот жүйесін нығайтуға барлық шаралар қолданылатынын атап, өңірлік «Жаңақорған тынысы» газетінің тілшісінің барлық сұрақтарына жауап бере отырып, алғысын білдірді.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
Пікір 2