№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАҺАН ЖҰРТЫ НЕ ЖЕП ЖҮР?

ЖАҺАН ЖҰРТЫ НЕ ЖЕП ЖҮР?

Соңғы жылдары Парсы шығанағы мен Оңтүстік Шығыс Азия аймағында ет өнімдерін тұтыну көлемі едәуір ұлғайған. Green Point Marketing агенттігінің мәліметінше, Біріккен Араб Әмірлігінде оның мөлшері 30 проценттен асқан. Ал Мысыр елінде 28%-ға жетсе, Мароккода 20%-ға жеткен. Оған қоса Азия-Тынық мұхит аймағы мемлекеттеріде халал етті тұтыну көлемі 54%-ды құрайды. Швейцариялық «Nestle SА» компаниясының Малайзиядағы бөлімшесі Араб түбегін түбегін жауламақ ниетте. Көршілес Ресейде халал еттің саудасы 10%-тен асқан.

Жалпы денсаулыққа зиянсыз заттар мен киімдер, доңыз, алкогольден, түрлі химиялық зиян қоспалардан ада тағамдар кез келген көзі ашық адамды ойландырары хақ. Жаһандағы 1,8 миллиард мұсылманның басым бөлігі халал стандартын іздеп жүріп қолданады. Бұл бағытта аты әлемге мәшһүр Unilever, Beiesdorf сынды алпауыт компаниялар мұсылман әйелдеріне халал косметика өнімдерін ұсынып отыр. Халал нарығына өз өнімдерін шығаруға Бразилия мен Австралия да құлшыныс танытуда. Оған қоса, McDonald,s, Subway, Nestle және Papa John тағам компаниялары халал өнімдерін мұсылман әлеміне саудалап отыр. Бұл дегеніміз – АҚШ пен Еуропа халал индустриясын жақсы табыс көзі екенін түсініп, бұл саланы игеріп үлгерді.
Индонезия елінде стратегиялық-саяси жоспар негізінде адал стандарт бойынша арнайы заң қабылданған. Заңға сәйкес 2017 елде өндірілетін тағам, гигиеналық заттар, дәрі-дәрмек 2020 жылға дейін толығымен халал сертификаттауынан өтуі тиіс. Дегенмен, Малайзия халал индустриясының көш басында келеді. Әзірге бұл ел жоғары стандарттарға ие халал өнімдерінің ірі экспорттаушысы болып саналады. 2020 жылы Малайзия әлемдік халал индустрияның орталығына айналады деген болжам бар. Өйткені осы уақытқа дейін малайзиялық 500 компания шариғат талабына сай тауар өндіретіні жөнінде халықаралық сертификат алып үлгерген. Мәселен, бір ғана штатының өзінде халал сертификатына 300-ге жуық компания ие болған.Әлгінде айттық жаһан жұрты жаппай адал асты қолдануда деп. Енді осы тақырыпты тереңірек тарқатсақ. Кез келген ел Дүниежүзілік сауда ұйымына кіргендіктен сөресін қымтап отыратын шекара жоқ. 
Осы тұста Араб елдері халал жұмыртқаны ғана қолданады екен. «Ой – жүйрік» демекші, сонда әтеш пен тауық алдын ала «бісмілләсін» айтып, неке қияды ма? Негізі бұл әзілдің артында зілі бар. Қазіргі таңда жұмыртқаның көбін тауық тумайтын болған. Басым бөлігін Қытай химия, синтетика, парафин, гипстен жасайды. Оның сары уызында доңыздан алынатын «желатин» бар. Сондықтан Араб елдерінің халал жұмыртқа іздейтіні. Бұл бір. Енді екіншіден, ғылымның дамығаны сондай, АҚШ-та кәдімгі күріштің тұқымына адамның бауырынан алынған ДНҚ-ны қосады. Сол секілді картоп пен бәйшешекті будандастырып, нәтижесінде зиянды жәндіктер жоламайтын түрін алуда. Бір кездері біздің елімізде де мысықтың ДНҚ-сы қосылған бидайдың тәркіленгені белгілі. Сонымен қатар бүгінгі таңда құс өсірушілердің өзі тауықтың бас-сирағын, жүн-жұрқасын ұнтақтап, оған химиялық қоспа қосып, тірі тауықтарға жем қылып беруде, Әрине, мұның бәрі харам. Халал индустрияда мұндай өнімдерді тұтынуға тыйым салынады.
Үшіншіден, жапон ғалымы Мицуюки Икеда кәріз қалдықтарын қайта өңдеу арқылы «ет» ойлап тапты. Оған түрлі күшейткіш қоспалар қосу арқылы етке айналдырады. Қазіргі таңда «шитбургер» деп аталып кеткен жасанды еттің әлем нарығында айналымда жүргеніне 5-6 жыл болып қалды. Қысқасы ғылым дамыған сайын адам санасына сыймайтын дүниелер ойлап табылуда.
Қорыта айтқанда, «ас – адамның арқауы» деген аталы сөзді алдыңға орынға қоятын қазақ үшін адал ас бәрінен биік тұрады. Жұрт жаппай халал тағамға көшкен сайын жүректе иман орнығып, санада сілкініс пайда болады.

                                                                                                                                                Әбдісамат ӘБДІШ
05 қыркүйек 2019 ж. 646 0