№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Жұмыс табудың тың тәсілін білесіз бе?

Жұмыс табудың тың тәсілін білесіз бе?


Озық елдер адамға сапалы қызмет көрсетудің түрлі жолдарын қарастыруда. Әсіресе цифрландыруға қатты мән беруде. Дамушы елдер де цифрландыруды игілігіне жаратуға күш салуда.

ХХІ ғасырда ғылыми-техникалық прогрес­тің көшіне ілесе алмағандар жаңа дәуірдің табалдырығынан сығалап жүр. Ондай елдер көп. Бізді сол санатқа жатқызу әділетсіз болар еді. Дегенмен бюрократиялық кедер­гілер мен жемқорлық жоқ емес. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік қызмет көрсету саласында жемқорлық белең алғанын айтып, сынағаны естеріңізде болар.
Жемқорлыққа қарсы мәдениет қалып­тастыру және алдын алу үшін jumys.snation.kz іске қосылды. Енді педагогтар мен техникалық қызметкерлерді жұмысқа қабыл­дауда мектеп директорлары аталған сайтқа тіркеп, іріктеу және қабылдауды жүзеге асырады. Осылайша ашықтық, жариялыққа жақындай түседі.
Жобаның үйлестірушілері:
– 2019 жылдың басында SMART NATION атауына біріктіру туралы маңызды шешім қабылдады. Бұл білім беру процесін авто­маттандырудың көптеген деңгейлері мен аспектілерін іске асыратын өнім. Жаңа атау «жасампаз ұлт білімнен бастау алады» деген басты қағиданы негізге алады! Біздің мақсатымыз – Қазақстан Республикасының халқына қолжетімді және білім беру жүйесін қазіргі заманға сай әрі барынша тиімді етуге бағытталған ақылды шешімдерді дамыту мен қалыптастыруға ықпал ету, – дейді.
Расында https://jumys.snation.kz/kz/kzl сай­тына кіріп қандай бос жұмыс орындары бар екенін білуге болады. Сенбесеңіз, сілтемедегіні теріп, тексеріп көрсеңіз болады.
Аудандық білім бөлімі білім саласын цифрландыру мақсатында білім беру мекемелеріне қызметкерлерді (педагогтар және техникалық қызметкерлер) іріктеу және қабылдау «jumys.sitcen.kz» ақпараттық жүйесі енгізілді.
Jumys.sitcen-ға жарияланған вакансияға өтініш қалдыру үшін үміткер жүйеге тіркелу қажет. Жүйеге тіркелу барысында үміткер өзіне ыңғайлы жол таңдайды e-mail немесе SMS-бойынша, жүйеге енген үміткер өз түйіндемесін (резюме) толтырып, бос жұмыс орындарына өтінім жолдайды.
Ол үшін алдымен порталға тіркеліңіз, сосын мамандығыңызға сай бос жұмыс орнына өтінім жолдаңыз. Барлық қажетті құжаттарды жүктеңіз, міндетті тестілеуден қажетті бал жинаңыз, қабылдау комиссиясымен сұхбаттасудан өтіп, олардың бағасын алыңыз.
Осы шарттарды орындап жұмысқа қабыл­данасыз!

Бағлан МОМЫНХАНОВ
27 тамыз 2019 ж. 851 0