№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Онлайн кассалық аппараттар салықтан жасырылған 14 млрд теңгені анықтады

Онлайн кассалық аппараттар салықтан жасырылған 14 млрд теңгені анықтады

Онлайн кассалық аппараттар салық органдарынан жасырылған 14 млрд теңгені жарыққа шығарған.

 Ел Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында осындай мәлімет жарияланды. Мемлекеттік кірістер департаментінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев онлайн кассалық аппараттарды енгізу елдегі сауда-саттықтың ашық жүруіне әсер ете бастағанын айтады. Бүгінге дейін елдегі есеп айырысу орындарының 82 проценті онлайн кассалық аппаратпен қамтылды. Яғни бүгінде елде 349 мың бірлік аппарат жұмыс істеп тұр. Онлайн аппараттар арқылы мемлекеттік кірістер базасына бір миллиардтан астам түбіртек түскен. Түсімді мемлекеттік кірістер органына берілген есептермен салыстыра келе екі арадан 14 млрд теңге көлемінде айырмашылық шықты. Осылайша 14 млрд теңгенің қосымша түсімі анықталды. Яғни есеп беру кезінде аталмыш сома жасырылған екен.

 Отандық бюджет кірістері мен кедендік түсімдердің тек 20 проценті бас шаһардан түсіп отыр. Мемлекеттік кірістер департаментінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев жыл сайын елорданың салық және кедендік түсімдері артып келе жатқанын айтты. Сондай-ақ ел Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Комитет төрағасы Қытай мен Өзбекстан шекараларындағы 10 өткізу пункті жаңғыртылатынын тілге тиек етті.

 Елдің халықаралық резерві шілдеде $ 85,8 млрд құрады

 Ұлттық банктің алдын ала мәліметі бойынша, елдің халықаралық резерв көлемі өткен айда 85 млрд 876 млн АҚШ долларын құраған. Бұл көрсеткіш маусым айымен салыстырғанда 0,6%-ке, ал өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 3,4%-ке аз. Қазақстанның жалпы халықаралық резервінің көлемі шілде айында 1,84%-ке азайып, 27 млрд 702 млн долларды құрады. Оның ішінде таза халықаралық резерв көлемі 1,8% өсіп, 27 млрд 219 млн долларға тең болды. Ал Ұлттық қор активтерінің көлемі 0 бүтін жүзден бір процентке азайып, 58 млрд 174 млн долларға дейін жетті. Еркін конвертацияланатын валютадағы активтердің көлемі 10 млрд 226 млн долларды құраса, алтын активтерінің көлемі 2,48%-ке өсіп, 17 млрд 476 млн долларды құрады.

 Салық төлеушілердің 2,3 млрд теңгелік өсімпұлы кешірілді
 
 Салықтық рақымшылықты жыл басынан 40 мыңнан астам заңды тұлға мен жеке кәсіпкер пайдаланған. Елде кәсіпкерлікті қолдау бағытында бірқатар мемлекеттік іс-шара қабылданғаны белгілі. Соның бірі Қазақстан Тұңғыш Президентінің шағын және орта бизнес субъектілері үшін жариялаған салықтық рақымшылығы. Яғни салық төлеуші негізгі қарызды төлеген жағдайда өсімақы мен айыппұлдарды сызып тастау тәжірибесі біздің елде бұрыннан бар. Елдегі ШОБ-тың дамуына бұл қадам айтарлықтай оң ықпал етеді. Қазіргі таңда Қазақстанда 830 мыңға тарта шағын және орта бизнес субъектісі бар. Жалпы Ішкі Өнімдегі аталмыш сектордың үлесі – 28 процент. Соңғы 10 жылда олардың 143 млрд 7 млн теңгелік өсімпұлы мен айыппұлы кешірілген.

15 тамыз 2019 ж. 1 136 0