№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СЫР КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ СЕРПІНДІ ҚОЛДАУ

СЫР КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ СЕРПІНДІ ҚОЛДАУ

  Аймақ басшысының пәрменімен Сыр өңірінде үш жылдық «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» жарияланған болатын. Бұл бағытта нәтижелі жұмыстар легі жетерлік.

Мәселен, Филиал директорының орынбасары Ақмарал Сыздықова «Халық Банк» АҚ-да «Даму-Сырдария» деген Қызылорда облысының ШОБ кредиттеу бағдарламасы бар екенін жеткізді. Мұның сыйақы мөлшерлемесінің жылдығы 8,5 проценттен аспайды екен. Ал, 20 млн теңгеден аспайтын сомадағы жобаларды Өңірлік үйлестіру кеңесімен келісу қажет емес екендігі белгілі болды. Десе де, бизнес-жоба Қызылорда облысының аумағында ресми түрде тіркелген болуы керек. Ал, егер жоба құны 20 млн. теңгеден жоғары 180 млн. теңгеге дейін Өңірлік үйлестіру кеңсінің шешімімен беріледі. Оған қоса, кепіл жеткіліксіз болған жағдайда кепілдік қабылдау мүмкіндігі бар. Алайда қарыз алушының жобалары Бағдарлама талаптарына сай келуі тиіс екен.
Сондай-ақ Ақмарал Әлмұхамбетқызымен тілдесу барысында Банктің ШОБ өндірістік өнеркәсіпті қолдау бағдарламасы жайлы да тоқталып кетті.
– Айта кету керек, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның шағын және орта бизнестің ішінде өндірістік өнеркәсіпті қолдау бағдарламасы зор қолдауға ие. Бағдарлама аясында 1 млрд. 850 млн. теңгеге дейін несие 120 айға дейін беріледі. Ал, сыйақы мөлшерлемесінің жылдығы 6 процент. Бұл жөнінде толық ақпаратты Банк филиалдарынан білуге болады.
Бұдан бөлек, кредит бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендету мақсатында субсидия­лау қарастырылған. Бұл «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы арқылы жүзеге асады. Мұның кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін сыйақының атаулы мөлшерлемесінің 30 пайызынан бастап 50 пайызға дейін субсидия­лайды. Және де субсидиялау мерзімі 5 жылға дейін, – дейді Ақмарал Сыздықова.
Сонымен қатар, банкир субсидиялаудың жалпы шарттары мен 3 түрлі бағыт бойынша субсидиялау мүмкіндігі бар екенін атап өтті. Біріншіден, моноқалалардағы, шағын қалалардағы және ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлердің жаңа бизнес бастамаларын қолдау. Екіншіден, өз қызметін экономиканың артықшылық секторларында және өңдеуші өнеркәсіп салаларында жүзеге асыратын кәсіпкерлерді қолдау. Соңғысы, кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету. Міне, осы үш бағытта кәсіпке қолдау көрсетеді.
Сөз арасында облыстық филиал орын­басарынан Жаңақорған атакәсіпті арқау еткен аграрлы аудан болғандықтан шаруа қауымға қандай қаржылай қолдау барын сұрадық.
– Расында Жаңақорғанда ауылшаруа­шылығы саласы жақсы дамыған. Сондықтан бұл бағытта Банктің арнайы «Аграрлық бизнесті кредиттеу» бағдарламасы бар. Бұл бойынша – дәнді дақылдар, майлы дақылдар, бұршақты дақылдар өсірумен байланысты егіншілік шаруашылығындағы кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру үшін 3 млрд. теңгеге дейін кредит беріледі. Мемлекеттік бағдарламаға қатысқан кезде кредит бойынша мөлшерлемені төмендету және кепіл жеткіліксіз болғанда кепілдік алу мүмкіндігі бар. Кредит мерзімі – 7 жылға дейін. Ал, сыйақы мөлшерлемесінің жылдығы 13 проценттен бастап басталады, – дейді Ақмарал Сыздықова.
Сөз соңында айта кететіні, елімізде «Қара­пайым заттар экономикасын» дамыту мақсатында 600 миллиард теңге көлемінде ұзақ мерзімге қаржы бөлініп, басым жобаларға жеңілдетілген несие берудің бағдарламасы іске қосылғаны белгілі. «Қарапайым заттар экономикасы» негізінен 2 бағыттан тұрады. Бірінші – кәсіпкерлік субьектілеріне жеңілдетілген несие бөлу, екіншісі – жоғарыда аталған өнеркәсіп салаларын дамыту. Жеңілдетілген несие бойынша банктер кәсіпкерлерге 7 жылға 15 процентпен несие береді. Қайта өңдеу жобалары бойынша оның 7 проценті «Даму» қоры арқылы субсидияланады. Аталмыш бағдарламаны дамыту шеңберінде жеңілдікпен несиелеу бағдарламасын облыста іске асыруға 7 банктің филиалы қатысатыны белгілі. Соның бірі – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ. Бұл жөнінде Ақмарал Сыздықова «Қарапайым заттар экономикасын» дамыту шеңберінде берілетін қаржыға қол жеткізу үшін толық мәліметті Банк өкілдіктерінен алуға болатынын жеткізді.

Әбдісамат ӘБДІш.

29 мамыр 2019 ж. 890 0