№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » КӘСІП ТЕТІГІН ТАПҚАН БІЛЕДІ АЛ ОЛАРДЫ ОҚЫТУ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ?

КӘСІП ТЕТІГІН ТАПҚАН БІЛЕДІ АЛ ОЛАРДЫ ОҚЫТУ ЖАЙЫ ҚАЛАЙ?

  Белгілі бір кәсіпке бейімделіп, білекті түрініп кірісіп кету үшін де белсенділік аз, білім де қажет. Ауданда бизнеспен айналысамын деген азаматтарға неше түрлі жобалар ұсынылуда. Болашағын кәсіпкерлікпен байланыстыруды мұрат тұтқан әркімнің ақыл-ойын таудай айқын арнаға бұрып, оларды толыққанды өз кәсібінің тіреуішіне айналдыру бағытында кәсіби оқытулардың маңызы зор.


   Жақында ауданымызға жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытында бірлесе жұмыс үйлестіруші қаржылық институттардың өкілдері келіп, елдегі тұлғалармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеу механизміне жағдай қалыптастырып отырған аудан басшылығына терең ризашылықтарын жеткізді. Осы топтың қатарында «Агросамғау» ЖШС-нің жоба үйлестірушісі Ақбаян Бүркітбайға арнайы жолығып, алдағы мақсат-міндеттері жөнінде кең түрде ақпарат алдық.
   – «Агроэкспресс» оқыту курсы деп аталатын бұл бағдарлама өткен жылы жұмысқа кіріскен болатын. Алғашқы бағытымыз Жаңақорған ауданы болды. Өйткені осы аймақтан сұраныс үлкен, ықылас жоғары болып тұр.
Өздеріңіз білесіздер, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» іске асуда. 2018 жылдан бастап қайтарымсыз несие беріле бастады. Бір Жаңақорған ауданының өзінде 100 жобаға 24 млн. 500 мың теңге берілді. Облыс көлемінде ең жоғары көлемде қаржыға қол жеткізді. 500 адамға 100 айлық есептік көрсеткішке дейін қаржыны азаматтардың барлығы ала алады. «Жастар жылына» байланысты 200 жасқа 101 млн. теңге қаржы тағы қарастырылып отыр. Осындай қаржылай қолдауды қаймықпай иеленіп, қажетіңе игеруде әрине іс көзін таба білер ілімдарлық та керек.
Міне, біздің көмегіміз осы бағытта өзекті.
Өткен жыл нәтижелеріне тоқталсақ, 200-дей талапкерді арнайы оқыттық.
Олар өсімдік, мал, құс шаруашылығы, ара омартасы, бақша өнімдерін өсіру. Осы бағытта бағдарлы білім беріледі. Бұл жұмысқа жоғары оқу орны оқытушыларымен қатар ғылыми тәжірибесі бар арнайы эксперттерді шақырып, жұмыс жүргіздік. Қазірде кәсіпкерліктің, шаруашылықтың қай саласында болмасын заманауи технологиямен жабдықталу жоғары. Мұны игеру жаңашылдық көзқарасты талап етеді, – деді жоба үйлестірушісі.
– Оқыту сабақтары қайда жүреді?
– Оқытуды теория жүзінде ғана түйіндеп, тағылымдамадан өткізуден гөрі практикалық тұрғыда білім берудің маңыздылығын сезініп отырмыз. Осыған байланысты оқыту 3 кезеңнен тұрады:
1) Агротехнологияның қырларын үйрету, өнім түрлерінің табиғатын түсіндіру,
2) Кәсіп иесіне өзі бастаған бизнес жұмысын қалай дұрыс жүргізуге болады: алған өнімін есептеу, пұлдап сату, нарыққа шығару жолдары, тәсілдері туралы.
3) Мобильді қосымша айналымын табу: интернет өрісі арқылы кез келген сұрақтары арқылы тренер, эксперттермен онлаин байланыс орнатуға мүмкіндік алу, сол сияқты меншікті тауарының әлемнің кез келген нүктесіндегі сыны мен сипатына көзі жетіп, көңілі қанығып отыруына техникалық сауаттылық қалыптастыруды міндетімізге аламыз. Өйткені әрбір тұлға кәсіпкерлікті меңгерумен қатар өз-бизнесін жүргізуді де меңгере алуы қажет.
– Алдағы мақсаттарыңыз?
– Мамыр айының ішінде оқыту тобы ауданға келіп, курсты бастаймыз. Мерзімі – 4 ай деп жоспарлап отырмыз. Талапкерлер теориялық білім алумен қатар, арнайы өндіріс орындарында тәжірибе шыңдайтын болады. Мысалы, егінмен айналысушылар тұқым сорттарын өңдеу, егу технологиясымен танысып, егіс алқаптарында жұмыс жасаса, мал шаруашылығы мамандарын төлді қалай баптау керек, жайылымға жаю, азықтандыру сынды барлық талаптарын меңгеру үшін арнайы шаруашылыққа апаратын боламыз.
Курсты оқып бітіргендерге, білімі жөнінде сынамадан соң қолдарына арнайы сертификат беріледі. Оқу тегін жүргізіледі.

Әңгімелескен Баян ҮСЕЙІНОВА.
03 мамыр 2019 ж. 789 0