№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » МИЛЛИОНЕР ЖАСТАР ОҚЫТУ КУРСЫНА ҚАТЫСТЫ

МИЛЛИОНЕР ЖАСТАР ОҚЫТУ КУРСЫНА ҚАТЫСТЫ

Елбасының жыл сайынғы Жолдауында жастарды қолдауға бағытталған жобаларға басымдық беріліп келеді. Сондай алғышарттардың негізінде 2017 жылы «Zhas Project» жастар корпусын дамыту жобасы құрылған болатын. Бұған дейін бес облыстың жастарына кәсіп ашуға мүмкіндік берген жобаның жыл санап ауқымы кеңейіп келеді. Биыл Қазақстанның алты аймағын қамтыды. Оның ішінде; Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облысы бар. Бүгінде өңір бойынша үздік шыққан жобалар бойынша Жаңақорған ауданы көш бастап тұр.  Яғни, 69 жоба жеңімпаз. Оның ішінде, 248 жас қатысушы бар. Өткен аптаның соңында грант иелеріне мен топ мүшелеріне 4 күндік оқыту курсы ұйымдастырылды. Алғашқы күні аудан әкімі Ғалым Әміреев өзі бастап, ҚР Білім және ғылым министрлігінен келген өкіл Ғани Дүйсенов, «Zhas Project» жобасының Қызылорда облысы бойынша менеджері Баян Егізбаева жоба қатысушыларына сәттілік тіледі.
– Өздеріңізге белгілі, жобаның негізгі мақсаты – жұмыссыз жүрген жастардың кәсіп ашып, ісін өркендетуге бағытталған. Яғни, жастардың өзін-өзі жұмыспен қамтып, қоғамдағы орнын табуға дем береді. Бұл  ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Халықаралық банктің бірлескен жобасы.Биыл 3000-нан астам қазақстандық жоба ұсынған. Оның ішінде, Жаңақорған ауданынан 69 жоба өтті. Жоба құрамында жұмыссыз жастар, мүмкіндігі шектеулі жандар қамтылған. Бұл да өз кезегінде ынталы жастардың кәсіпкерлікпен айналысуына үлкен септігін тигізеді. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін, – дейді аудан әкімі.
Осылайша жаңақорғандық жастар 4 бойы жоба аясында нақты атқаратын жұмыстарды кезең-кезеңімен жоспарлау, қаржылық есептілікті нақтылау, «мінсіз команда» жасақтау сынд­ы семинар-тренингтерге қатысты. 3 мектеп-интернатта өткен оқыту курсында жаңақорғандық 15 ментор дәріс жүргізді. Алдағы алты айда аталмыш менторлар жоба жеңімпаздарын қадағалап, кәсібінің өрге домалауына қозғаушы күш болады. Яғни, әрбір қатысушы топтың 6 айы бойы жүргізілетін ішкі бюджеті мен есебін осы ментор-тренерлер қадағалайтын болады.
– Жоба төрт компонентті қамтиды. Жастардың топтарына әлеуметтік жобаларды іске асыруға арналған гранттар мен әлеуметтік шәкіртақылар ұсыну, жас адамдарды өмірлік маңызы бар дағдыларды дамыту мен жобаларды басқару бойынша оқыту, жастардың осал топтарымен жұмыс істеу, тиімді ақпараттық-түсіндіру науқаны мен кері байланыс және мәселелерді шешу тетігін іске асыру. Бағдарлама аясында қатысушылар үш кезеңдік оқытудан өтеді, алты ай бойы өз әлеуметтік жобаларын іске асырады. Сондай-ақ, ай сайынғы шәкіртақыларына байланысты жоғары оқу орнының түлектері 60 000 теңге, қалған қатысушылар 40 000 теңге алады, – деді аудан әкімінің баспасөз хатшысы, ментор-тренер Нұрбол Бакиров.
Ұйымдастырушы тараптан жоба жеңімпаздары қайтарымсыз миллион теңгені қашан алады? деген сауалға жауап алдық. Белгілі болғандай, 20-тамыздан бастап, гран иелеріне аталмыш сумманың 50 пайызы түсе бастайды екен. Соңыра, қажетті құрал-жабдықтарын алғаннан кейін қалған бөлігі аударылады.
 Айта кету керек, «Zhas Project» жобасында жастардың осал топтарынан шыққан, және нәзік жандылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көбірек басымдық берілген. Бұл да болса мемлекет қолдауының айқын ашықтық пен жариялылыққа негізделген көрінісі деп білеміз.
Самат ОҢҒАРҰЛЫ.
24 тамыз 2018 ж. 1 524 2

Гость Jeahulalf от 17 ақпан 2019 00:10
Robaxin No Prescription Donde Comprar Cialis Sin Receta viagra Topamax And Propecia Cephalexin Weight Gain

Гость Jeahulalf от 7 наурыз 2019 03:24
Pharmacie Cialis Ligne brand levitra 20 mg online india Generico Propecia Effetti Collaterali Buy Metronidazole 500 Mg Online Buy Effexor Uk