№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әбдісамат Сингапурдан кейін Қытайды аралады

Әбдісамат Сингапурдан кейін Қытайды аралады

   Қытайдың өндіріс және сауда жөніндегі әкімшілігі ақпаратына сай, Аспан асты елінде 2016 жылы 77 469 000 компания тіркелген. Яғни, орта есеппен күн сайын 12 мыңнан астам компания ресми тіркеліп отырған. Демек Қытайда жылына 4 миллион жеке кәсіпкер пайда болады деген сөз. Әрине, мұның саны күн санап артпаса кемімек емес.

    Тақырып ауанын байқаған боларсыз, Американы барлап, Сингапурды шарлап, Қытайдың да шағын және орта бизнесіне тоқталуды жөн санадық. Бұл елдің эко­номикасы туралы аңызға бергісіз әңгімелер әлемнің құлағын түріп, елеңдетіп отыр­ғаны рас. Әлем саясаткерлері мен эко­номистері осыдан 20 жыл бұрын: «Қы­тай экономикасының өсу қарқыны арта бер­се, бара-бара әлемдік экономикада көшбасшы ауысып, АҚШ-тың орнын Қытай басады», – деген болжам бүгінде өмір шындығына айналып келеді. Қазіргі таңда Син елінің экономикасының даму қарқыны мен жылдық жалпы ішкі өнім өндіру жөнінен Еуроодақты, Жапонияны басып озып, АҚШ-тан кейінгі орынға тұрақтады. Десе де, сақа сарапшылар: «Әлемдік экономиканың нағыз көшбасшысы болуы үшін Қытай экономикасы қазіргіден 2,5 есеге өсуі қажет» деуде. Негізі жаһан сая­саткерлерінің бірқатары қытай эко­номикасының өрлеуін халқының санымен байланыстырса, енді бірі қытайлықтардың ұрлық пен көшірмеде алдына жан сал­майтын ептілігін тілге тиек етеді. Ал, енді тағы бір тобы тұтынушылардың көп­тігімен және экспортқа негізделген тауар түрінің көптігімен байланыстырады. Не десекте Қытай бүгінгі таңда әлемді аузына қаратып отырған алып ел арзан жұмыс күшінің арқасында жаһандық фабрикаға айналды. Соңғы отыз жылда Қытайдың экономикалық өсімін жаһандану, индустрияландыру, арзан жұмыс күші сияқты факторлар қамтамасыз етіп келеді. Алайда, кейінгі бір-екі жылда экономикалық өсім баяулауда. Бұл жөнінде сәл кейінірек. Әуелі, шағын және орта бизнесін сөз етсек.
  Бірінші кезекте, аспан асты елінің кәсіпкерлік саласына мемлекеттік қол­дауын жазсақ. Қытайдағы шағын биз­нестің шарықтауына себеп болған тәсілдің бірі – кредиттік кепілдіктер қоры. Оған қоса, ел үкіметі тарапынан инно­вациялық жобаларды іс-жүзіне асыру үшін технопарктерге қомақты қаржылай мүмкіндіктер қарастырылған. Мұнда шағын бизнесті үйлестіру және ынтымақтастық орталығы мен Ұлттық Даму және реформа комиссиясы кәсіпкерлік саласын белсенді түрде қолдайды. Әлгі біз айтқан үйлестіру орталығы шағын бизнеске қызмет көрсету бойынша бірден-бір агенттік болып та­былады. Ол ұлттық және шетелдік ұйымдар арасындағы экономикалық және технологиялық ынтымақтастықты қамта­масыз етеді. Сондай-ақ, бұл орталықтың негізгі міндеттеріне тоқталсақ: шағын бизнесті зерттеу, ақпаратты жинау және шағын кәсіп саясатын дамыту, кәсіпкерлер үшін қызмет көрсету жүйесін құру, сауда жәрмеңкелерін, көрмелерді және іскерлік келіссөздер, бизнесті оқыту және кеңес беру қызметі кіреді.

«2025 ҚЫТАЙ БРЕНДІ»

   Сонымен қатар, мемлекеттік қолдау және шағын бизнесті дамытудың тағы бір маңызды тұсы – 2001 жылы құрылған CSMEO мемлекеттік ақпараттық қызметі. Бұл үйлестіру орталығы, негізінен веб-сайт арқылы кәсіпкерлер мен кәсіпорындарға ақпараттық қолдау көрсетеді. Қытай Халық Республикасының барлық өңірлері мен қамтитын CSMEO желісі еңбек нарығының жай-күйі туралы, қолданып жүрген заң­намадағы өзгерістер жайлы, соңғы ғылыми және технологиялық жетістістерді дер кезінде хабарлап отырады. Бұдан бөлек, ақпараттық қызмет кәсіпорындар мен мемлекеттік органдардың қызмет­керлері арасындағы жәрмеңкелерге, түрлі кездесулер уақытқа бейімделуіне бастама көтеріп, қытайлық кәсіпкерлерге дем береді. Түптеп келгенде, мемлекеттік қолдаудың артында ел экономикасының тиімділігін арттыруды көздейтіні айқын. 2003 жылдан бастап ҚХР кәсіпкерліктің қарқынды дамуы үшін орталық бюджетке салық түсімдерінің артуын басты назарға қойды. Бұл дамудың ең алдымен кішігірім кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің санын арттыруды қамтамасыз етті. Осылайша, кішігірім кәсіпорындар Қытайдың барлық кәсіпорындарының басым бөлігін құрады. Бүгінгі таңда Қытай Халық Республикасында жұмыс істейтін халықтың шамамен 60 пайызы шағын бизнесте жұмыс істейді. Елде 30 миллионнан астам жеке кәсіпкер белсенді жұмыс жасайды.

  Тақырыпқа тұздықты «2025 Қытай бренді» бағдарламасымен түйіндесек.
  40 жылға таяу уақыттан бері Қытай тек шетелдіктерге жұмысшы ретінде солардың брендтері мен маркаларын жасап келді. Соған орай, өз экономикасы да көтерілді, алайда оқу-ағарту төмен болмағандықтан ешқандай техникалық жасампаздықты жақсарта алмады. Тек шетелдікін көшіріп басу ғана. 2015 жылы Қытай Премьері Ли Кю Чияң: «2025 жылы Қытай шетел брендін өндіруші ел емес, өзі зерттеп жасаған отандық брендтерін өндіруі керек! 2035 жылы бұл жағынан қытай брендтері жаһанды жаулаған Жапония мен Германиядан асып озуымыз керек!» деген меже қойды. Бұл бағытта мемлекет шағын және орта бизнеске қомақты қаражат құйып, шетелдік танымал мамандарды тартуды бастап кетті. Әсіресе, цифрландыру, робототехника, теңіз инженериясы, автомобиль, ауыл шаруашылық машиналары, био-инженерия саласына серпінді бұтбұрыс жасады. Алдағы уақытта Қытай осы басымдықтар арқылы әлем экономикасында АҚШ-ты басып озуды мақсат етіп отыр.
10 желтоқсан 2018 ж. 917 0