№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » БОЛАШАҚТА КӨЛІКТЕР ЭЛЕКТРМЕН ЖҮРЕТІН БОЛАДЫ

БОЛАШАҚТА КӨЛІКТЕР ЭЛЕКТРМЕН ЖҮРЕТІН БОЛАДЫ


2018 жылы Қытайда электрлі көлік өндірісі бір миллион, 2020 жылы үш миллион бірлікке жетуі мүмкін, деп хабарлады BAIC Group директорлар кеңесінің төрағасы Сюй Хейи. Бұл туралы Reuters жазды.

         Қытай автокөлік өндірушілер ассоциацияcының мәліметінше, 2017 жылдың үш тоқсанында 424 000 жаңа көлік құралдары шығарылған. Оның ішінде гибридті көлік 2016 жылмен салыстырғанда  40,2% артық. Бұл жөнінде «Бензинмен жүретін көліктерден бас тарту үшін, ең алдымен электрлі көліктердің танымалдылығы мен нарықтағы үлесі қандай екенін ескеру керек», – дейді Сюй Хейи.
Қыркүйек айында Қытай өнеркәсіп министрлігі бензинмен жүретін автокөлікті өндіру және  сатуды тоқтату туралы мәселені қарастырып жатқанын мәлімдеген еді. BYD электр көлігін өндіруші компанияның төрағасы Ван Чуанфудің айтуынша, 2030 жылы Қытайдың барлық көлік құралдары электрленуі мүмкін екен.
           Сондай-ақ, Жапониялық компания Drive to Growth атты жаңа даму стратегиясын дайындап, соған сай сатылымды 30% ұлғайтуды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.  2020 жылдың соңына дейін жаңа стратегия аясында Mitsubishi Motors компаниясы жаңадан 11 модель шығарады, деп хабарлаған компанияның ресми сайты. Жаңадан шығатын модельдерді былай қойғанда, ескі модельдердің өзі адам танымастай өзгеретіні айтылуда. Жоспар бойынша, компания әлемдегі ең көп сатылатын көліктердің бестігіне кірмек.

09 сәуір 2018 ж. 1 821 0