№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Елімізде дәрінің 35 түрі электрондық сатып алуға шығарылды

Елімізде дәрінің 35 түрі электрондық сатып алуға шығарылды



Қазақстанда тегін дәрілік қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмектер беретін фармдистрибьюторлар мен өндірушілер электрондық сатып алу жүйесін тестілеуді аяқтады. Енді «СҚ-Фармацияда» ағымдағы жылға дәрі-дәрмектің 35 атауына электрондық сатып алу жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріптің айтуынша, тестілік сатып алу екі мәрте өткізілген. Тестілік сатып алуға 35 қатысушы қатысса, оның 22-сі барлық рәсімдерді тіпті аукционға дейін өткен.
Тестілік сатып алу тендерлік комиссия мүшелері мен әлеуетті өнім берушілерге жүйені ұғынып алуға және олқылықтарды анықтауға мүмкіндік берген. Барлық ескертулер Электрондық коммерция орталығына – порталдың әзірлеушілеріне жолданған. Қазір алғашқы электрондық сатып алу шеңберінде тендерге 35 атау жарияланған, оның ішінде – психотроптық, туберкулезге қарсы, бактерияға қарсы препараттар, сондай-ақ медициналық мақсаттағы бұйымдар бар. Бұрын бұл позициялар әлеуетті өнім берушілерден ұсыныстар болмаған, ҚР-дағы тіркеу мерзімінің өтіп кетуі себептерінен немесе кей препараттар өндірістен алынып тасталғандықтан 2018 жылға сатып алынбаған болатын. Жаңа жүйе бойынша сатып алынған дәрі-дәрмектер қазан айынан бастап медициналық ұйымдарға жеткізіле бастайды.
Айта кету керек, сатып алудың электрондық форматына көшуді бірыңғай дистрибьютор денсаулық сақтау саласын цифрландыру шеңберінде іске асырылып отыр. Әлеуметтік маңызын ескере отырып, жобаны Электрондық коммерция орталығы өтеусіз негізде іске асыруда.
Айта кетейік, электрондық сатып алу әкімшілік кедергілерді азайтуға, сатып алу рәсімдерінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Іс жүзінде әлеуетті өнім берушілерге қағаз тасымалдағышта тек банк кепілдігін ғана беру қажет болады. Барлық қалған құжаттарды өнім берушілер веб-порталға электрондық түрде жүктей алады.

Дереккөз: бaq.kz

25 тамыз 2018 ж. 1 081 0