Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұлттық банктің мобильді қосымшасы арқылы тұтынушы құқығы онлайн қорғалады

Ұлттық банктің мобильді қосымшасы арқылы тұтынушы құқығы онлайн қорғалады


Бұл жайлы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктың баспасөз қызметінде мәлімдеді.
«Жаңа бөлімде пайдаланушылар онлайн режимде коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша түсініктеме ала алады, сол сияқты коллекторлық агенттіктердің заңсыз іс-қимылдары мәселелері бойынша өтініш жасай алады» - делінген хабарламада.
Қаржы реттеушінің баспасөз қызметінде 2017 жылы 2 маусымда «Коллекторлық қызмет туралы» және «Кейбір заңнамалық актілерге коллекторлық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының қабылданғанын еске салды.
2018 жылғы 18 қаңтардағы жағдай бойынша Ұлттық Банкте 65 коллекторлық агенттік есептік тіркеуден өтті.
Сонымен қатар, баспасөз қызметі, 2017 жылдың 3 желтоқсанынан бастап, екінші деңгейдегі банктердің және микроқаржы ұйымдарының коллекторлық қызмет белгілі бар және Ұлттық Банкте есептік тіркеуден өтпеген заңды тұлғалармен шарттық қатынастары тоқтатылуға тиіс екендігін атап өтті.
«Бұл мәселені Ұлттық Банк банктердің және МҚҰ борышкерлері Ұлттық Банкке өтініш жасаған кезде міндетті түрде тексеретін болады» - дейді банк мамандары.
Халық коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимыл жасаған кезде, сол сияқты коллекторлық агенттіктердің заңсыз іс-қимылы мәселелері бойынша өтініш жасаған кезде, өздерінің құқықтары туралы түсініктемелерді жедел алуы мақсатында, азаматтар Ұлттық Банкке және оның аумақтық филиалдарына, сондай-ақ Ұлттық Банктың Қоғамдық қабылдау бөлмесіне «ҚҰБ «Online» мобильдік қосымша арқылы өтініш жасай алады.

Декрек көзі: BAQ.KZ
10 ақпан 2018 ж. 1 141 0