№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ОНЛАЙН ТІРКЕЛУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ

ОНЛАЙН ТІРКЕЛУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛІ


Мелекет межесі – озық отыздыққа ену. Мақсаты айқын, бағдарламасы да дайын. Ол «Цифрлы Қазақстан» деп аталады. Биылдан бастап, жүзеге аса бастаған бұл құжаттың қауқары да қомақты. Оған қоса, Жолдауда жүктелген басымдықтың барлығы да цифрландыру дәуіріне тездетіп бой тіктеу. Елімізде цифрландыру жүйесі бойынша қай салада болмасын ілгерілеушілік бар. Соның бір айқын дәлелі – ендігі кезекте тұрғындар Халыққа қызмет көрсету орталығына бармай-ақ, үйде отырып, онлайн режимде жаңа тұрғылықты жеріне тіркеуге тұра алады. Ол үшін тіркеуге келісім берген тұрғын үй иесі мен өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасы болса болғаны. Бұл жөнінде бізге Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартқа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде аудандық ішкі істер бөлімінің Көші-қон қызметі тобының аға инспекторы, полиция капитаны Ғани Төлешов түсіндіріп берді.
– Мемлекет басшысы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында цифрландыруға баса назар аудару керектігін атап өткен болатын. Бұл бағытта Ішкі министрінің бұйрығымен «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты қолданысқа енді. Жаңа өзгеріске сай, тіркеуге тұру үшін төленетін мемлекеттік баж алынып тасталды. Және де жаңа тұрғылықты жеріне тіркелген кезде, Қазақстан Республикасының азаматтарын бұрынғы тұрғылықты жерінен тіркеуден шығару автоматты түрде жүзеге асырылады. Толықтыру енгізілген стандартқа сай жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін тұрғын үй иесінің жеке басын куәландыратын құжаты және мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрақты не уақытша тіркеуге оның келісімі болуы керек.
Сондай-ақ Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 492-і бабтың 1-тармағы бойынша Қазақстан Республикасы азаматтарының күнтізбелік он күннен бір айға дейінгі мерзімде жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын жері бойынша тұруы ескерту жасауға әкеп соғады, – деді Ғани Сейтжанұлы.
Тілдесу барысында полиция капитаны Ғани Төлешов аталмыш Заңның 492-бабтың 2-тармағында Қазақстан Республикасы азаматтарының бір айдан астам мерзімде жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлікпен не тұрғылықты жері бойынша, уақытша болатын жері бойынша тіркеусіз тұруы – жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын тілге тиек етті. Сондай-ақ ол 493-бабтың 1-тармағында Тұрғынжай меншік иесінің немесе қарамағында тұрғынжайлар, ғимараттар және үй-жайлар бар басқа да тұлғалардың меншік иесіне тиесілі немесе басқа да тұлғалардың қарамағындағы тұрғынжайларда, ғимараттарда және үй-жайларда нақты тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеуге жол беруі – жеке тұлғаларға – он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғатынын жеткізді.
Түптеп келгенде, тіркеуге тұрмаған айыппұл арқалайды. Сондықтан да Заңға сай қарекет етіп, ертерек тіркелуге қамданыңыз.

Самат ОҢҒАРҰЛЫ.
20 қазан 2018 ж. 1 115 0