№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әрбір қазақстандық үйлерінде 12 млн теңгеге дейін ақша сақтай алады

Әрбір қазақстандық үйлерінде 12 млн теңгеге дейін ақша сақтай алады


2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан халқы активтер мен міндеттемелер бойынша есеп беретін болады. Декларация бойынша әрбір қазақстандық  үйлерінде 12 млн теңгеге дейін ақша сақтай алады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Мәди Тәкиев Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.Комитет өкілі бұл декларацияда жеке тұлға меншік құқығы бар мүліктерді, оның ішінде пәтерлер, көліктер, банктегі салымдарын және 2019 жылдың 31 желтоқсаны жағдайында төлеуге алған міндеттемелерін көрсетуі тиіс екенін айтты.
Мәди Тәкиев сондай-ақ декларация толтыруға міндетті тұлғаларды үш топқа бөліп көрсетті.
1. Кәмелеттік жасқа толған Қазақстанның барлық азаматтары, оның ішінде оралмандар мен Қазақстанда тұруға ықтиярхат алғандар.
2. Мүлкі немесе қатысу үлесі бар кәмелеттік жасқа толмағандар.
3. ҚР аумағында мүлкі бар шетелдіктер.
«Қолма-қол ақша. Яғни, декларацияда үйде сақтаулы тұрған қолма-қол қаражатты да көрсету керек. Егер қолма-қол ақша көлемі ең төменгі жалақы көлемінің 500 есесінен асып кетсе (Еңбекақының ең төменгі мөлшері – 28 284 теңге), банкте есепшот ашып, қаражатты сонда сақтауыңыз керек. Сосын банкте осындай қаражатыңыз бар екенін көрсетесіз», – деп түсіндірді Мәди Тәкиев.
Оның айтуынша, кәмелеттік жасқа толмаған, бірақ тіркеуде тұрған мүлкі бар тұлғалар үшін декларацияны ата-анасы немесе қамқоршысы ЖСН нөмірі арқылы толтырады. Мәди Тәкиев айтқан алдын ала болжам бойынша, 2020 жылы Қазақстанда шамамен 12 млн 900 мың адам декларация толтыратын болады. Оның ішінде 7,4 млн адам – қала тұрғындары және 5,5 адам – ауыл тұрғындары болады деп күтілуде.
Сонымен қатар, декларацияны толтырудың екі мерзімі бекітілген. Декларацияны қағаз жүзінде толтыратындар 15 шілдеге дейін, ал электронды түрде есеп бергісі келетіндерге 15 қыркүйекке дейін уақыт беріледі.

24 шілде 2018 ж. 1 075 2

Гость Jeahulalf от 12 ақпан 2019 08:16
Propecia .2 Dose Buy Kamagra Next Day Delivery Cephalexin Clamydia cialis What Is The Stronges Viagra Pill glucophage

Гость Jeahulalf от 4 наурыз 2019 12:32
Cialis Levitra Apotheke Cialis Kaufen Mit Uberweisung Accutane Online Fast Deliverey cialis canada Prix Levitra Casablanca Keflex Cat Bladder Infection