№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Шілдеден бастап базалық зейнетақы көтеріледі

Шілдеден бастап базалық зейнетақы көтеріледі


Қазақстанда 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық төлемді тағайындау әдісі өзгереді. Жаңа өргертулер бойынша зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне қарай базалық төлемдер қайта есептелетін болады.Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ ресми парақшасында хабарланды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі
Енді базалық зейнетақы тек жалпы белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен азаматтарға ғана тағайындалады. Өзгерістер зейнетке жаңадан және бұрын шыққан зейнеткерлерге қатысты, сондай-ақ, оларға ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы қайта есептеледі.
Бүгінгі таңда Қазақстанда мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 15 274 теңгені құрайды (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%). Бұл төлемақының көлемі еңбек өтіліне қарамастан, барлық зейнеткерлер үшін бірдей.
2018 жылдың 1 шілдесінен бастап зейнетақы жүйесіне қатысудың ұзақтығына байланысты мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшері қайта есептеледі. жинақталған тәжірибе қамтылады.Есептеу барысында тұлғаның 1998 жылғы 1 шілдеге дейінгі ынтымақты зейнетақы өтілі мен содан кейінгі жинақталған өтілі ескеріледі.
Егер азаматтың жұмыс өтілі болмаса немесе 10 жылдан кем болса, базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% пайызын құрайды. Ал 10 жылдан асқан әр жылдың жұмыс өтілі үшін базалық зейнетақы 2 пайызға өседі. Мысалы, 20 жылдық қатысу өтілі болса, базалық зейнетақы көлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 74 пайызын, 30 жылдық қатысу өтілі – 94 пайызды құрайды. Егер қатысу өтілі 33 жыл және одан да артық болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 100 пайызын, яғни 28 284 теңгені құрайды.
Зейнетақы өтіліне ынтымақты жүйеде атқарған еңбек өтілі (1998 жылғы 1 қаңтарға дейін), міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) төленген кезеңді қамтитын жинақтаушы өтілі, 3 жасқа дейінгі бала күтімі, бала кезінен мүмкіндігі шектеулі тұлғаның 16 жасқа дейінгі күтімі, әскери қызметтегі, арнайы мемлекеттік органдағы, дипломатиялық жұмыстағы жұбайымен бірге тұрған кезең және т.б. кіреді.
Бұл өзгерістер зейнеткерлікке жаңадан және бұрын шыққан тұлғаларды қамтып, 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы қайта есептеледі. Айта кету керек, мемлекеттік базалық зейнетақыны қайта есептеу процесі автоматты түрде жүргізіледі, сондықтан зейнеткерлерге ешқайда жүгінудің немесе құжат тапсырудың қажеті жоқ.

14 маусым 2018 ж. 1 451 0