№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Түркістан облысының тұрғындары құжаттарын қашан ауыстырады

Түркістан облысының тұрғындары құжаттарын қашан ауыстырады


Қазақстан Республикасының әділет министрі Марат Бекетаев елімізде жаңадан құрылған әкімшілік туралы айта келе, Түркістан облысы тұрғындарының құжат ауыстыру тәртібі туралы айтты.

Бұл туралы Sputnik Қазақстан-ға сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
“Ешқандай құжатты ауыстырудың қажеті жоқ. Заңға сәйкес барлық төлқұжаттар мен құжаттар жарамды болып қалады. Олар жоспарланған тәртіпте – жасына жеткеннен кейін, төлқұжаттағы барлық беттер біткенде немесе мәмілелерді қайта тіркеген кезде ауыстырылады”, — деді Б.Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында.
Оның сөзінше, Әділет министрлігі жаңа облыс құру туралы жарлықтың қабылдануына байланысты қосымша шығын шығаруды көздемейді, себебі ведомство бұған дайын болған және дайындықты алдын-ала бастаған.
«Үш жыл қатарынан мемлекеттік сот орындаулардың санын жоспарлы түрде азайтып жатырмыз. Біз бұл мүмкіндікті пайдаланып, кейбір қысқартуларды қысқартпай, оларды жаңадан құрылған бөлімшелерде жұмыс істеуге қайта бөлеміз», – деді министр.
Айта кетейік, 2018 жылдың маусым айында Президенттің жарлығымен Қазақстанда жаңа облыс пайда болып, оның әкімшілік орталығы Түркістан болып бекітілді.
22 маусым 2018 ж. 1 070 0