№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » ЖАҢАҚОРҒАННЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ: КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ҰТЫМДЫ ЖОЛЫ

ЖАҢАҚОРҒАННЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ: КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ҰТЫМДЫ ЖОЛЫ

Астанада «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының (ҚР ҰКП) V Съезінде кәсіпкерлік саласының дамуы мен перспективалары талқыланды. Шара аясында отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттігін арттыру бойынша және палатаның өңіраралық атқарған жұмысы жайлы басқосулар өткізілді. Соның бірі – «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Олжас Қаржауовтың төрағалығымен облыстық, аудандық филиал басшыларымен өткен кездесу.
Басқосуда Кәсіпкерлер палатасының Қызылорда облыстық филиалының директоры Ғалымбек Жақсылықұлы аймақта атқарылған жұмыстарын баяндады. Әкімдер арасында Ғалым Əміреев Жаңақорған ауданында кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарылған бастамаларға тоқталды.
– 2018 жылдың 1 мамыры бойынша ауданда жалпы тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3645 бірлікті құрап, өткен жылмен салыстырғанда 118,6 пайызға өсті, 5 айда тіркелген кәсіпкерлер саны 393-ке жетті. Бұл көрсеткішпен Қызылорда облысында көш бастап тұрмыз. Аудан бойынша халық санына шаққанда тіркелген кәсіпкерлер үлесі 4.1 пайызды құрайды. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі – 95,2 пайыз. Бұл – облыстағы ең жоғарғы көрсеткіш, – деді аудан әкімі.
«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде жыл басынан бері аудан бойынша 40,0 млн. теңгенің 2 жобасы мақұлданған. Қосымша тағы да 3 жоба екінші дейгейлі банкттерде қаралуда. Үш жоба бойынша жоба жетекшілері әкімдікпен бірлесіп жұмыс жасалуда. Биыл облыстық бюджеттен бөлінген қайтарымсыз 200 млн. теңге несиеге ауданнан 75 жоба ұсынылып, оның 19-ы 21 млн. 126 мың теңгенің жеңімпазы атанды.
– Үкіметтің жобалық басқару шеңберінде ауданда бүгінде жылдық айналымы 2 млн. теңгені құрайтын кәсіпкерлердің саны 868 бірлікті құрауы қажет. Қазір бұл көрсеткіш 4,1 пайызын (216 бірлік) құрайды. Көрсеткішті жоғарылату мақсатында арнайы жұмысшы тобы құрылды. Қазір аудан бойынша 256 жоба нақтыланып, оның 70 жобасына 208,5 млн. теңге несие алынды. Ал, 286,5 млн. теңгенің 91 жобасы мақұлданып отыр. Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында жүйелі жұмыс бар. Мұның бәрі Үкіметтің кәсіпкерлікті дамыту бағытында берген тапсырмасын толық орындауға мүмкіндік береді, – деді Ғалым Махмұтбайұлы.
Жалпы, Жаңақорған ауданында кәсіпкерлікті дамытудың оңтайлы тұсы – агроөнеркәсіп кешенінде. Яғни, ауылшаруашылығы саласында дайын өнім өңдеп, экспорттау жолға қойылса, табыстың көзін табуға болады. Әсіресе, Ресей нарығында бақша және көкөніс дақылдарына сұраныс жоғары. Сондықтан Сарыағаш, Жетісай диқандары секілді үлкен базардан енші алуға еңбектенуде агро-индустриялық аймақтар мол мүмкіндік береді. Ол үшін 5 мәселенің шешімін тауып беру қажет. Яғни жер, аяқ су, бизнес нысандарға көмек беру, қаржы және тамшылап суаруға бейімдеу. Осының нәтижесінде еселеп өнім алуға болады.
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық авто жолының бойында агро-индустриялық аймақ құрылды. 2017 жылы жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, 50 га жер қоршаланып, Жаңақорған, Шалқия кенті және Ақүйік ауылдық округінің тұрғындарына беріліп, қажетті көкөніс, бақша өнімдерін өндіріп, өздерінен артылғаны елдің өзге қалаларына жіберілді. Осының негізінде 12 кәсіпкер және 50 адам жұмыспен қамтылды. Қарапайым мұғалім, зейнеткер және т.б. санаттағы азаматтар жұмыс жасады. Биылғы жылы жер көлемін 300 гектардан асырылды.
– Биылғы жылы 6 ауылдық округке осы тәжірибені енгізіп, елді мекен тұрғындары агро-индустриялық аймақтардың игілігін көруге жағдай жасадық. Мұндай жұмыстар белсенді кәсіпкерлердің саны артуына мүмкіндік берді, алайда су тапшылығы үлкен кедергі берді, – деді Ғалым Махмұтбайұлы.
Жаңақорған ауданында атқарылған игі бастаманың бірі – үздік аймақтар мен институттармен тәжірибе алмасуды жолға қойды.
– Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты іскерлік байланыс орнатып, институт директоры Теміржан Айтбаевпен аудан диқандарын ғылыми сүйемелдеу жөнінде меморандумға отырды. Қазір ғылыми институт агро-индустриялық аймақтардың диқандарын үздік тұқым сорттарымен қамтамасыз етіп, мол өнім алу жолында ғылыми сүйемелдеуде және аймағымыздағы кәсіпкерлердің басын қосып, «Agro Hub» еркін тәжірибе алмасу алаңы өтті.
Сондай жұмыстардың бірі – Қырғызстан Республикасымен тәжірибе алмасу еді. Бүгінде Қырғызстан таулы жерлерде аграрлық саласын дамыта алған ел ретінде белгілі. Қырғызстандағы ауыл шаруашылығы экономиканың жетекші салаларының бірі. Елдің ішкі жалпы өнімінің 24,0 пайызы ауыл шаруашылығының үлесіне тиесілі. Бұдан басқа, ел халқының 65,0 пайызы ауылдық жерлерде тұрады, әрі жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 34,0 пайызын құрайды. Осыдан-ақ, Қырғызстанның ауыл шаруашылығының тек экономикалық ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік және саяси маңызы бар екенін аңғаруға болады. Негізінен картоп және көкөніс, бақша өнімдерін экспорттайды. Әсіресе, өнімді сақтайтын қоймаларды зерттедік. Алдағы уақытта сондай қоймаларды ауданда салу жолдары қарастырылуда. Экспортқа шыққанына 10 жылдан астам уақыт болса, ал біз енді көтеріп жатырмыз. Мұндай сапар Өзбекстанның Ташкент қаласына да жасалды. Онда жылыжай кешенін дамыту жолдарын сараладық, – деді аудан басшысы.
Жалпы, тәжірибе алмасулар тың бағыттарға бетбұрыс жасауға жол ашты. Біз биыл кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті азаматтарды «Агро экспресс» оқыту курсында оқытып, кәсіби біліктілігін арттыруды жолға қойды.
«Агро экспресс» оқыту семинарының алғашқы отырысына жеті ауданның ынталы кәсіпкерлер мен шаруа қожалық төрағалары қатысты. Ауданның аграрлы саласы мен туристік әлеуетін дамытуды көздеген семинарда өңір кәсіпкерлерін Жаңақорғанға келіп, агро-индустриялық аймақтан жерді ақысыз жалға алып, жұмыс жасауға шақырылды. Бұл да кәсіпкерлікті дамытуда өзіндік әсері болды.
Инновациялық гранттардан басқа жасы 29 ға дейінгі идеясы мол жұмыссыз және кәсіпкерлікке ниетті жастарды тарту мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Zhas Project» жобасы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Осы жоба бойынша аудан әкімі 15 ауылдық округте болып, ауыл жастарына түсіндіру және ұсынылған жобалармен жеке-жеке танысып, перспективасын жөнінде талқылады.
– Әр ауылдың ерекшелігін саралап, барлық жобаларды ауыл жастарымен, кәсіпкерлермен талқыладық және ұсыныстарды алып аудан әкімдігі тарапынан көмек беруге келістік. Жобаны сапалы жазу және барлық тетіктерін мұқият қарау және оны жүзеге асыру, жастардың тың идеясын дамыту мақсатында Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орны басшыларымен кездесіп, ең үздік деген IT және басқа да жобаларды сапалы жоспарлаушы мамандарын ауданға шақырып, 7 күннен бері уақыт күттірмей жоғары дәрежеде жұмыс жасауда. Нәтижесінде бүгінгі күні аудан бойынша жобаларды тіркеу базасына 100 жоба енгізіліп, 1 миллион теңгеге дейінгі грантқа ие болу мүмкіндігі туып отыр, – деді аудан әкімі.
Форум аясында «Бастау» түлектері 2017 жылы іске қосқан 30 үздік бизнес-жоба марапатталады. Үздік бизнес-жоба бизнес-тренерлер мен өңірлік үйлестірушілерден тұратын комиссияның алқалы ашық дауыс беруі негізінде іріктелгендер арасында «Бастау» жобасының түлегі Мұхтар Шаханов та бар. Бұл жөнінде газеттің келесі нөмірінде толық оқи аласыздар.
Нұрлат БАЙГЕНЖЕ.
23 маусым 2018 ж. 1 401 1

Гость Jeahulalf от 17 ақпан 2019 11:56
Buy Pet Meds Amoxicillin cialis 5 mg Cialis Farmaco