№19 (8833) 15

15 наурыз 2025 ж.

№18 (8832) 8

08 наурыз 2025 ж.

№17 (8831) 4

04 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Өзіміздің өнім: Қырашта кір сабын шығады

Өзіміздің өнім: Қырашта кір сабын шығады


Отандық өнімді қолдау бағытында арнайы рубрика ашып, әлеуметтік желі арқылы Жаңақорғандағы жаңа бастамаларды, жергілікті жерден шығатын дайын өнімдерді таныстыратын боламыз. Ол үшін "Өзіміздің өнім" жобасын енгіздік. Ендеше алғашқы болып тұрмыстық тауарларға кезек бердік...
Жаңақорғанда кір сабын шығару кәсібінің көкжиегі кеңейіп келеді. Осыған дейін екі кішігірім өндіріс орны болса, олардың қатарына тағы біреуі қосылды. Яғни, нарықтағы бәсеке арта бастады. Біз бүгін Қыраштағы Индира Тлеуханқызының берекелі бизнесіне назар аударамыз.
Күніне 200-ге жуық сабын өндіретін шағын цехта әзірге екі маман жұмыс жасайды. Өнім аудан орталығындағы сауда орындарына жөнелтіледі екен. Әрине аудан нарығын өзіміздің өніммен толық қамтамасыз ету қиын. Өйткені, сұраныс жоғары, әрі, дүкендер мен сауда үйлерінің саны да жетерлік. Дегенмен өзіміздің өнімге сұраныс болуы көңіл қуантады. «Жобамның құны 6 млн теңгені құрады, әзірге ауыл тұрғындары мен кенттегі дүкендерге жөнелтудеміз. Егер сұраныс көбейсе, қосымша қаржы көздерін қарастырып, кәсібімізді кеңейтуге ниеттіміз» дейді Индира ханым.
Мемлекет мүмкіндігін тиімді пайдалана алған кәсіп иесі осы ісін ілгерілету үшін тағы да бағдарламаларға қатысып көруге ниетті.
Айта кететіні, өткен аптада аудандағы өндіріс орындарының басшылары арнайы аудан әкімімен меморондумға отырған еді, сол кезде жергілікті өнім өндірушілерді қолдауға уәде етті. Бұл кір сабынға да оң әсерін тигізері анық.
Иә, бұл өндірістің арта түсуі біріншіден, баға тұрақтайды, екіншіден, сапа реттеледі. Ең бастысы, өзіміздің өнімдеріміз экспортқа шығып, бренд қалыптасады. Индира Сұлтанбековаға сәттілік тілейміз..!
16 наурыз 2025 ж. 297 0