Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мақсат – мұратқа жеткізеді

Мақсат – мұратқа жеткізеді


Қазір ең өтімді тауардың бірі – балмұздақ. Егер балмұздақ ерекше болса, онда сұраныс тіпті артады. Бүгінде «Enjoy Waffle» балмұздақ желісі жаңақорғандықтар үшін ерекше өнім. Жас кәсіпкер Қайсар Әбділәмиттің бастамасы қолдауға лайық. Сондықтан онымен арнайы тілдестік.

2018 жылы аудан орталығында «Enjoy Waffle» балмұздақ желісі бойынша ашылды. Бұл жөнінде кейіпкеріміз:
– Алғаш рет ағаммен бұл кәсіпті өзге қаладан аштық. Осы бизнесті жандандырып, өзіміздің ауданға неге ашпасқа деген ой келді. Әрине бұл шешімді екі жылдай талқылап, біраз іздендік. Бұрын-соңды мұндай балмұздақ түрін тұтынып көрмеген аудан тұрғындары қалай қабылдайды, кәсібіміз жүріп кете ме деген ойлар туындағаны жасырын емес. Дегенмен тәуекелге бел буып, отбасымның қолдауымен кәсіпті бастап кеттік. Бүгінде Enjoy Waffle-де тапсырыс берушінің талғамына сай түрлі балмұздақтар даярлап тұтынушыларға ұсынудамыз, – деді.
Мектепті аяқтай сала кәсіпке бет бұрған Қайсар Жаңақорған және Шиелі кентінде «Enjoy Waffle» балмұздақтар желісін ашты. Алғашқы кәсіп жолын Түркістан, Шымкент, Кентау қалаларынан бастап, кәсіптің қыр-сырына қанығып, тәжірибе жинақтайды.
Қазіргі таңда кәсібіне қажетті балмұздақ өнімін Шымкент қаласынан, кішкентай вафлиді сырттан арнайы тапсырыспен алдырады. Айта кететіні, «Гонконгский» вафлиді өздері арнайы құрылғымен дайындайды екен.
Бұған дейін аудан тұрғындары сауда орын­дарындағы балмұздақ өнімін тұтынумен шектелген-ді. Ал қазір «Enjoy Waffle» балмұз­дақтарына сұраныс еселеп, келушілер қатары артып келеді.
Өзінің ерекше дәмімен, бой сергітер салқын­дығымен ұсынылып жатқан өнім, дүкендегі балмұздақтардан қымбат емес. Күніне 80-100 шақты балмұздақты 250-1000 теңге арасындағы қолжетімді бағада сатып жатыр.
Жас кәсіпкер болашақта Enjoy Waffle-ді үлкен балмұздақтар желісіне айналдырып, еліміздің өзге өңірлерінен сауда нүктелерін ашуды көздеп отыр. Сондай-ақ, үйге балмұздақ жеткізу қызметін іске қосу жоспарда бар екенін алға тартты.
Отбасылық бизнестің тізгінін ұстап, кәсібінің жемісін көріп отырған жас кәсіпкер өзінің брендтік өнімін қалыптастыруды мақсат еткен.
Жас болса да үлкен істі бастаған кәсіпкер Қайсар Әбділәмиттің батылдығы мен еңбекқорлығы кез келген жасқа үлгі болатыны анық.
Біз кәсіпкерге көздеген мақсатына жету­де сәттілік тілеп, нақты мақсат мұратқа жеткізетініне куә болып қайттық.

Айжан ЫДЫРЫС
23 тамыз 2020 ж. 881 0