Аграрлы саланың серпіні
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары ауылшаруашылығы саласына үлкен қолдау көрсетуді тапсырды. Субсидия, жеңілдетілген несие, қайтарымсыз қаржы мен техника алуға қолдау, осының барлығы аграрлы саланың бүгіні мен болашағына құйылып жатқан үлкен инвестиция. Соның арқасында бүгінде әлемдік аяқ су тапшылығына қарамастан бұл салада оң өзгерістер, жаңа бетбұрыстар өте көп. Егіс көлемі еселенбесе де, өнім көлемі артып келеді. Бұл келешекте елдің экспорттық әлеуетін арттыруға үлкен күш болмақ. Импортты, яғни азық-түлік, бақша дақылдарына тәуелділікті азайтып, қайта өзге елдің нарығына жол тарту аса маңызды. Өйткені, аграрлы сала ел экономикасының негізгі драйверіне айналуы тиіс.
Сыр өңірінің де серпіні көңіл қуантады. Ата кәсіпті игілігіне идірген жаңақорғандықтар мал шаруасын ширатып, жыл сайын облыс бойынша үздік шығуда. Аймақтағы төрт түліктің, оның ішінде уақ малдың жартысы біздің шопандарға тиесілі. Қыста қыстауы, жазда жайлауы бар, тау етегін паналаған қойшылар мен малшылардың еңбегі еш кетпеуде. Оны аймақ жұрты жақсы біледі, биыл да өңірде көш бастадық. Мұнан бөлек бұл салаға ауданда инвестиция құйылып, ірі-ірі жобалар қолға алынуда. Бір ғана мысал, тау етегіндегі алма бақты атауға болады. құйылған қаржының көлемі млрд теңгеден асып жығылады. Міне, аграрлы салаға салынып жатқан инвестиция өте ауқымды.
Ерғали ОРАЗБЕКОВ, еңбек ардагері